Вернуться к списку статей

“Қайрат” “Маккабиден” өтсе, “Пандуриймен” кездеседі

Футбол
1K
Бүгін Ньонда, Чемпиондар лигасынан кейін, Еуропа лигасының да үшінші електік сатысында кездесетін жұптар анықталып, жеребе тартылды.

Еуропа лигасының келесі кезеңдегі жеребесін тарту рәсімінде «Қайрат» – «Маккаби» (Тель-Авив) жұбы бірінші себетте, ауызекі тілмен айтқанда деңгейі жоғары клубтар қоржыны түсті. Өйткені, Израиль клубының УЕФА рейтингісіндегі коэффициенті жоғары (20,225) болатын.

Еуропа лигасының үшінші електік сатысында екі қоржындағы клубтар мен командалар жұбы бес топқа жіктелді. Бұл топтар бүгін таңертең УЕФА сайтында жарияланды. «Қайрат» пен «Маккаби» (Тель-Авив) бірінші топқа түсті.

Астана уақытымен сағат 17:00-де жеребе тарту рәсімі басталып, «Қайрат» пен «Маккаби» (Тель-Авив) жұбында жеңіске жетккен команда Румынияның «Пандурий» клубымен кездесетін болды.

«Пандурий» командасының УЕФА-ның клубтық рейтингісіндегі коэффициенті (7,076) аса жоғары болмаса да, бұл ұжым өз елінің, яғни Румынияның мемлекетаралық рейтінгте 15-орында тұрғандығының арқасында, Еуропа лигасына тек үшінші електе қосылғалы отыр.

Үшінші електегі «Пандурий» – «Маккаби» (Тель-Авив)/«Қайрат» кездесулері 28 шілде және 4 тамыз күндері өтеді. Тағы да қайталап айтайық, «Пандурий» клубымен кездесу үшін «Қайратқа» 21 шілде күні Нетаньеде «Маккабиді» кез келген есепен жеңу немесе кемі екі гол соғып, тең түсу қажет.

"Пандурий" жайлы қысқаша ақпарат:



«Пандурий» – Румынияның Тыргу-Жиу қаласының командасы. 1963 жылы құрылған. 2012/2013 жылдары өз елінің күміс жүлдегері атанған. Биыл аяқталған 2015/2016 жылдар маусымында 26 ойын өткізіп, 47 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Еуропа лигасына үшінші електік кезеңнен қосылып отыр.

Бас бапкері – Петре Григораш. Лақап аты – Кеншілер (шахтёрлер).  

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика