Үлкен жас тобы арасындағы турнирдің финалдық ойындары елордамыз Астанада өтіп, финалда қостанайлықтар Жамбыл облысының командасын жеңген. Орта жас тобы арасындағы турнирдің финалдық кезеңі Шымкентте өтті. Бас жүлдеге Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласының командасы таласып, дода қожайындары жеңімпаз атанды. Ал кіші жас тобының Семей қаласында ұйымдастырылуы бекер емес.
– Биыл «Coca-Cola – Былғары доп додасына 10 жыл толып отыр. Coca-Cola компаниясы осы мерейтойлы маусымды Қазақстан футболының отаны Семейде қорытындылауды дұрыс деп санап, кіші жас тобының финалдық кезеңін осы қалада ұйымдастырды. Өйткені, еліміздегі ең алғашқы футбол командасы «Ярыш» 1913 жылы Семейде құрылған. Мұнда қазақтың ұлы жазушыларының бірі Мұхтар Әуезов ойнаған, - деді аталмыш компанияның менеджері Фархат Сейітов.
Ойындар «Турист» және «Цементник» стадиондарында өтті. Ал финалдық матч «Спартак» стадионында ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлделер еліміздің үздік ойыншыларының бірі Андрей Карповичтің қолынан естелік сыйлықтар алды.
Айта кетйік, жыл сайын бұл турнирде еліміздің барлық аймағының 6200 мектебінен 400 мыңнан астам оқушылар қатысады. Ал он жылдық тарихында бұл турнирге барлығы милионнан астам жеткіншек қатысқан екен. Бір сөзбен айтқанда еліміздің балалары арасындағы ең ауқымды спорттық шара болып табылады. Осы он жылдың ішінде турнир Қазақстан футболына талай дарынды футболшыларды ашып берді. Көбісі бүгінде еліміздің танымал клубтарында өнер көрсетіп, ұлттық құрамамыздың намысын қорғауда. Олардың арасында Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Серікжан Мужиков, Сергей Хижниченко, Бауыржан Байтана сынды жұлдыздар бар. Бұлардың барлығы өздерінің үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын осы турнирде бастаған.