Вернуться к списку статей

Маусым басындағы «жейде жыры» немесе Федин қалай Жалмұқан болды

Футбол
2K
№ 73... Жалмұқан емес екені анық... Фото: caykurrizespor.org.tr
Маусымаралық жаттығу жиынында ҚПЛ клубтары жаңа ойыншыларына команда құрамынан кетіп қалған футболшылардың жейделерін кигізіп, амалдап жүр.

Кеше «Тобыл» Түркияның «Чайкур Ризеспор» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осы ойында Қостанай клубының жаңа ойыншылары команда сапынан кетіп қалған футболшылардың жейделерін киіп шықты.

Ғаламтордағы бейнетрансляция арқылы байқағанымыз, Максим Федин киген жейденің артында «Жалмұқан» деп жазылып тұрса, Бауыржан Тұрысбектің киіп шыққан 10-нөмірлі жейдесінің артында әлі «Ллуллаку» деген жазу бар.

Денис Главинаға және Евгений Левинге тиеслі болған үшінші және жиырмасыншы нөмірлермен де басқа футболшылар ойнады. Аслан Дарабаев қателеспесек, кешегі ойында 77-нөмірлі жейдені (Альмир Мухутдинов) киіп шыққандай...


Абырой болғанда, Бауыржанның арқасындағы "Ллуллаку" жазуы көрінбей тұр...

Жалпы, бұл тек «Тобылға» ғана қатысты жағдай емес. Былтыр «Ертіс» клубындағы осындай көрініс тіпті күлкілі болған. Себебі Әлібек Аяғановтың жейдесін киіп шыққан футболшыға қарап, әлеуметтік желідегі футбол жанкүйерлері «Аяғанов күнге әбден күйген екен» деп біраз күлген...




Гурман емеспін дейді...


Оң жақтағы ойыншы Виталий Ли емес, әрине...


Жирсактың жейдесін Фонсека киіп алған ба?

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика