Вернуться к списку статей

Байсейітовтің 600 мың теңге айыппұлын қайда жұмсауға болады?

Футбол
1K
Бақтияр Байсейітов
«Сықақ соққы» айдарының бүгінгі шығарылымында 600 мың теңгені айыппұлдан басқа қайда жұмсауға болатынын әзілмен жеткізіп көруді жөн санап отырмыз.

«Ордабасы» – «Астана» ойыны кезіндегі ойланбай жасаған әрекеті үшін шымкенттік команданың бас бапкері Бақтияр Байсейітов 600 мың теңгеге шығынға батайын деп тұр. Естеріңізге сала кетейік, қызбалыққа салынып, матч кезінде алаңға шығып кеткен Байсейітовке Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитеті осынша көлемде айыппұл салды. Кейбіреулер үшін бұл түскі асқа ғана кететін шығын шығар, бірақ сіз бен біз секілді қарапайым жұмысшылар үшін аз ақша емес. «Сықақ соққы» айдарының бүгінгі шығарылымында 600 мың теңгені айыппұлдан басқа қайда жұмсауға болатынын әзілмен жеткізіп көруді жөн санап отырмыз.

1. «Астана-Арена» алаңын сегіз сағатқа жалға алуға болады

Елордамыздағы футбол алаңдарының жалға беру бағалары әртүрлі. Ең қымбаты – «Астана Арена» стадионы. Сағатына 75 000 теңге. Ал қалтаңызда 600 мың теңге болса, сегіз сағат бойы рахаттанып, еліміздің ең басты стадионында достарыңызбен бірге доп тебе алар едіңіз. Ал Премьер-лига командасы еш қамсыз бір ойынын осы стадионда өткізе алар еді.

2. Көлік сатып алуға болады

Әлбетте, салоннан барып, су жаңа «темір тұлпарды» рәсімдеуге жетпейді. Алайда, еліміздің автосайттарын парақтап шықсаңыз, 600 мың теңгеге әжептеуір көліктерді табуға болады. Мәселен, 1998 жылғы «Митцубиси Галант» немесе 1996 жылғы «Субару Легаси» сынды көліктердің бірін таңдап жүріп аласыз. Ал егер жаңалауын іздесеңіз, 2007 жылғы «ВАЗ 2106» бар.

3. Пәтер жалдауға болады

Менің бір танысым Астана қаласының сол жағалауында бір бөлмелі пәтерді 100 мың теңгеге жалдап тұрып жатыр. Оған бұл қаржы 6 ай тегін тұруға жетер еді. Айтпақшы, тағы бір досым бар, елордамыздың оң жағалауында бір бөлмелі жатақханада тұрады. Байсейітовтің айыппұлына кеткен қаржы оның бір жыл бойы сол жатақханада қам-қатерсіз тұруына көмек болар еді.

4. Балаңызды 2,5 жылға футболға беруге болады

Еліміздің өзге аймақтарында тегін болғанымен Астана мен Алматы қалаларында футбол үйірмелерінің бағалары әртүрлі. 10 мың теңгеден басталып, 30 мың теңгеге дейін кете береді. Біз ортасына тоқтайық. 20 мың теңгеге де жап-жақсы футбол мектептері бар. Ал 600 мың теңгеге балаңыз 2,5 жыл бойы футболмен айналыса алады.

5. Фитнеспен кемінде 3 жыл бойы айналысуға болады

Қазір фитнес-клубтарға барып, жүгіру, зілтемір көтеріп айнаға қарау сәнге айналып кетті ғой. Бір жағынан керек нәрсе. Астана мен Алматы қалаларында фитнес-клубтардың абонементтері жылына 50 мыңнан басталып, 200 мың теңгеге дейін жалғаса береді. Яғни, 600 000 теңгеге үш жылдан бастап, 12 жылға дейін фитнеспен айналыса алар едіңіз.

6. Анталияда демалып қайтуға болады

600 мың теңгеге Қазақстанда ғана емес, Түркия, Тайланд, Сауд Арабиясы, Испания сынды шет елдерінде де бір апта бойы демалып қайтуға болады. Мәселен, Стамбулға дейін ұшып бару бағасы 45-50 мың теңге. Ары қарай Анталия тиіп тұр. 10 мың теңгеге де жетесіз. Кейде Анталияға әртүрлі курорттық акциялар болып жатады. Ілігіп кетсеңіз, 120 мың теңгеге бір апта бойына шалқып демаласыз. Ал 600 000 теңгеге қасыңызға бір емес, үш досыңызды ертіп алсаңыз да болады.

7. Әйеліңізге құндыз ішік алып беріңіз

Әйел затының күйеуінен көп сұрайтын нәрселерінің бірі құндыз ішік. Қоянның терісі екінің бірін қызықтыра бермейді, құндыз ішікті сатып алуға қалта көтермейді. Ал егер Байсейітов «Ордабасы» – «Астана» кездесуінде алаңға жүгіріп шықпай, сол ақшаны сізге бере салғанда, онда әйеліңізге әдемі де сапалы ішіктердің бірін таңдап алып беруіңізге болар еді.

8. Келін түсіруге болады

Шымкентте қарапайым адамдар үшін келін түсіргендегі қалың мал 150-300 мың теңгенің ортасын құрайды. Әлбетте, бірден той жасап жіберуге жете қоймас. Дегенмен, әлгі 600 000 теңге болғанда қыздың қалыңмалын абыроймен өтеп, дүркіретіп тұрып беташар жасауға болар еді. 

9. Қайыршыларды қарық қылуға жетер еді

«Садақа беру – сауап іс» дейді ғой. Ақшаңыз артылып тұрса, қайырлы іс қылыңыз. Мәселен, Шымкентте бөлке нанның бағасы 40 теңге болса, қайыршылардың саны мыңдап саналады екен. Дегенмен, әлгі айыппұлға кететін шығынға Байсейітов 15 000 бөлке нан сатып алып, оңтүстіктің қайыршыларына таратып беруге немесе аста-төк дастархан жайып, қарындарын бір тойдыруға болар еді.

10. Құмарыңды қызбен түнімен болар еді

Соңғы пунктке де жеттік. Астанада «түнгі көбелектердің» бағасы әртүрлі. Білетіндер теміржол вокзалының маңайында арзан деседі. Дегенмен, қалтаңызда артық 600 000 теңге болса, неге таңдаулыларын шертіп тұрып «сатып алмасқа». Әлгі ақшаға арнайы сайттардың «хор қыздарын» бір сағатың былай тұрсын, түні бойы қалауыңша «иеленіп», ләззатқа батуыңа болады. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика