Вернуться к списку статей

Жасыл алаңдағы қаба сақалдылар

Футбол
2K
Коллажды жасаған – Азиз Оразбаев
Бүгінгі таңдағы сақал-мұрттары ұйысқан футболылардың «үздік үштігіне» кімдер кіреді. Көш басында Рауль Мейрелеш пе, Тим Ховард па, әлде... Алексей Ногай ма?  

Бүгінде әлемдік футболда қаба сақалды футболшылар қарасы көбейіп келеді. Голливуд жұлдыздары қырма сақалды стильді ұнататындай сыңай танытып жүрсе, футболшылардың көбісі жасыл алаңдағы карьераларының аяғына қарай сақал-мұрт өсіріп жүр...

Қаба сақалды футболшыларды көргенде, ең әуелі есімізге 1968 жылғы «Алтын доп» иегері, марқұм Джордж Бест түседі. Әрине, Солтүстік Ирландияның әйгілі футболшысына дейін де сақал-мұртты футболшылар болды ғой. Бірақ біздің көргеніміз, есімізде қалғаны – осы атақты футболшы.

Одан кейін Сократес (Бразилия), бертін келе Алекси Лалас (АҚШ), Олаф Мёлльберг (Швеция), Кристоф Метцельдер (Германия), Джибриль Сиссе (Франция), Абель Шавьер (Португалия), Николя Анелька (Франция) сынды қаба сақалды футболшылар болды. Осы ретте айта кетейік, біз тек қазақстандық жанкүйерлер тануы тиіс деген футбол жұлдыздарын ғана тізіп отырмыз.



Кейіннен Андреа Пирло (Италия), Дженнаро Гаттузо (Италия), Даниэле де Росси (Италия), Серхио Рамос (Испания), Жерар Пике (Испания), Хаби Алонсо (Испания), Франсеск Фабрегас (Испания) сынды теңбіл доп шеберлері де сақал-мұрт қоя беріп, имидждерін өзгерті.

Қақпашылар да қалысар емес, Волкан Демирель (Түркия), Шарль Итандж (Камерун) сынды голкиперлер де сақал жіберіп, жасыл алаңдағы«сұсты» тосқауылға айналғандай.

Десек те, бүгінгі таңдағы сақалдары ұйысқан футболылардың «үздік үштігіне» Рауль Мейрелеш (Португалия), Тим Ховард (АҚШ) және Арда Туран (Түркия) сынды қас шеберлер кіретін сияқты...

Алайда, Астана футбол федерациясы ұйымдастыратын доп додаларында осы үшеуінен де асып түсетін бір ойыншы бар. Ол футзалдан Астана біріншілігінде бақ сынайтын «Достар» клубының белді ойыншысы – Алексей Ногай.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика