Вернуться к списку статей

Қоң еті қалың “Қайрат” қызыл майдан арылды – Қайрат Әбілдинов

Футбол
2K
«Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің редакторы Қайрат Әбілдинов
Ертең Қазақстан премьер-лигасында ХVІІІ турдың ауыстырылған екі ойыны өтеді.

ХVІІІ турдың ойындарына «Егемен Қазақстан» газеті спорт бөлімінің редакторы Қайрат Әбілдинов болжам жасайды. Еліміздегі шежіресі мол беделді басылымның заман талабына сай жаңарып, оқырмандар арасында рейтингісінің көтеріліп келе жатқанына сүбелі үлес қосып жүрген қаламы қарымды әріптесіміздің ой-пікірі де салмақты:

«Қайрат» – «Ертіс» – 2:0

«Ертістің» жанкүйерлері ренжи қоймас деп ойлаймын, осылайша болжам жасауымызға павлодарлық аяқдоп шеберлерінің өткен турдағы сүреңсіз ойыны себеп болды. Өз алаңында «Ақтөбеден» 1:3 болып жеңілу – екпін алып келе жатқан «Ертістен» көпшілік күтпеген нәтиже еді...

Оның үстіне, қоң еті қалың «Қайрат» қазір қызыл майдан арылып, жарау күйіне келе бастады. Яғни, Исламхан мен Аршавин бастаған алматылықтар қалай болған күнде де өз алаңында үш ұпайды уыстан шығармауға тырысады. Бұған олардың шамасы әбден жетіп тұр деп ойлаймын.

«Тобыл» – «Ордабасы» – 1:1

Екі команда да өткен турда жеңіске жетіп, үш ұпаймен қанжыға майлады. Көңіл күй көтеріңкі: біреуі көш басына шықса, екіншісі оны өкшелеп келеді. Жеңістің дәмін татып, дәндеп алған бұл екі ұжымның жасыл  алаң үстінде бітіспес ұрыс салатыны анық.

Ойын тартысты және шиеленісті жағдайда өрбиді деп ойлаймын. Сол себептен де, шама-шарқы деңгейлес қос команда бір-бірін ала-алмай, итжығыс түседі.

Тұздық:

Естеріңізге сала кетейік, ХVІІІ турдың қалған төрт ойыны бекітілген күнтізбеге сәйкес 1 шілде күні өтеді.


Өткен ІІІ турға Baq.kz тілшісі Бек Төлеу болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден журналистің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.   

Бек Төлеудің ІV тур ойындарына жасаған болжамының қорытындысы




Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика