Вернуться к списку статей

“Қайрат” “Қайсардың” қарқынын басады – Бек Төлеу

Футбол
2K
Қазақстан премьер-лигасының әр туры сайын өткізіп жүрген «Болжам-Бәйгемізді» қайта сабақтаймыз.

Төртінші турдан бастап былтырғы бәйгемізді қайта жалғаймыз. Әр түрлі себептермен алғашқы үш турда дәстүрлі бәйгеміз қолға алынбай қалды. Әйтсе де, «ештен де кеш жақсы» дегендей, танымал журналистер арасындағы қызықты “доданы” қайта жандандырып отырмыз. Әуелі ұпай есептеу ережесін естеріңізге салып өткіміз келеді:

Ұпай есептеу ережесі

  • Ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға – 3 (үш) ұпай /мысалы, 2:1 немесе 1:1 болып аяқталған матчты 2:1 немесе 1:1 деп, дәл шешу/;
  • Қай команданың жеңетіндігін және доп айырмасын дұрыс тапқан адамға – 2 (екі) ұпай /мысалы, 3:1 болып аяқталған матчты 2:0 немесе 4:2 деп нобайлау/
  • Ойынның қалай аяқталатындығын, яғни қайсысының жеңетіндігін немесе екеуінің тең түсетіндігін тапқан адамға – 1 (бір) ұпай /мысалы, 1:0 немесе 0:0 есебімен аяқалған матчты 3:1 немесе 2:2 деп нобайлау/


Бүгінгі болжамшымыз – Бек Төлеу

Бүгін төртінші турдың ойындарына еліміздегі талантты спорт журналисі, Baq.kz тілшісі Бек Төлеу болжам жасайды. Енді Бектің өзіне кезек берейік:

31.03.2017

«Қайрат» –«Қайсар» – 2:1

Алматыда биылғы чемпионаттың басты фавориті саналған «Қайрат» пен алғашқы үш турда 9 ұпай жинаған «Қайсар» кездеседі. «Қайрат» соңғы рет Қызылорда командасын өз алаңында 2015 жылы 1:0 есебімен ұтқан. Жалпы, Алматыдағы ойындарда алаң иелері көбінесе 1-2 доп айырмасымен ұтады екен. Сондықтан осы жолы да солай болады деп ойлаймын. 

«Ертіс» – «Ақтөбе» – 3:1

Қазақстан премьер-лигасындағы чемпиондық атақтары ең көп – қос команда. Екеуі де ел біріншілігін бес реттен ұтып алған. Игорь Рахаев биылғы маусымда команданы қайта жасақтады. Қорғаныс шебі тәуір болғанымен, шабуылда дәлдік жетіспей жатыр. «Ертіс» бұл жолы да өз алаңында үш ұпайды қоржынға басады. Бірақ қонақтар бір гол соғуы тиіс.

«Ордабасы» – «Оқжетпес» – 1:1

«Ордабасы» Көкшетау командасын өз алаңында жиі ұтады. Дегенмен бұл жолы Муханов шәкірттері Шымкентте жеңілмеуі тиіс. Кем дегенде тең түседі. Алматыдағы ойын өрнегін көрсетсе, қажетті нәтижеге қол жеткізе алады.

01.04.2017

«Тобыл» – «Тараз» – 2:0

Былтыр да, биылда «Тобылды» жүлдегерлер қатарына қосылады деп сенген едік. Бірақ әзірге ондай қарқынды байқай алмай отырмыз. Осы жолы Затоболда Талгаев шәкірттерін жеңбесе де, «Тобыл» тағы да жүлдесіз қалатын сияқты. Әйтсе де, мен Қостанай командасының жеңіске жететініне сенемін.

«Ақжайық – «Атырау» – 1:2

Екі команда арасындағы соңғы ойындар нәтижелі аяқталып жүр. Көп гол соғылады. «Мұнайлы» өлкенің командасы 9 ұпайынан айырылып, “минуста” жүр. Турнир кестесіндегі жағдайларын реттеу үшін тек жеңіс қажет. Оған шамалары жетеді деп ойлаймын.

«Шахтер» – «Астана» – 1:1

Төрт жыл бұрын Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған «Шахтердің» қазіргі жағдайы баршаға аян. Командадан не күтеріңді білмейсің. Ойын тағдырын жеке өзі шешіп кететін футболшы да жоқ. Не де болса, тағы бір мәрте сеніп көруге тура келеді. Теміртаудағы ойында кемі бір ұпай алса жаман емес.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика