Бүгін Чемпиондар лигасы 1/8-финалының жауапты ойындары аясында Туринде Италияның «Ювентусы» Португалияның «Порту» клубын қабылдаса, Мадридте жергілікті «Атлетико» мен Германияның «Байері» "айқасады". Бірінші матчта «Ювентус» түзде Португалия чемпионын 2:0 есебімен жеңген, ал испаниялықтар неміс командасынан 2:0 есебімен басым түскен еді.
Алғашқы матчқа футболшы, Қазақстан чемпионы Дидар Сыдықбек пен футзалдан Қырғызстан ұлттық құрамасының техникалық директоры Әміржан Мұқанов болжам жасайды. Бірінші матчтың қорытындысы бойынша екеуінде де - нөл ұпайдан.
«Кинг Пауэр» стадионындағы кездесуге «Атамекен» телеарнасының журналисі Еркін Шәкір мен «Азаттық» сайтының тілшісі Руслан Меделбек болжам жасайды. Бірінші кездесудің қорытындысы бойынша Еркін Шәкір матчтың есебін дәл тауып, үш ұпаймен алға шыққан. Дегенмен, Руслан Меделбек те бір ұпайды қанжығасына байлаған.
Кімдердің ширек финалға жолдама алатындықтары бүгінгі ойындардан кейін белгілі болады.
Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.