Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Еркін Шәкір ширек финалға жақындады

Футбол
1K
Болжам-бәйге: Еркін Шәкір ширек финалға жақындады
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасының клубтары 1/8-финалдың алғашқы ойындарын өткізді. Кеше түнде «Порту» – «Ювентус» және «Севилья» – «Лестер» ойындарын тамашаладық. Туриндіктер Пиреней түбегінен 2:0 есебімен жеңісті жұлып әкетсе, испандықтар өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқысына Әміржан Мұқанов пен Дидар Сыдықбек болжам жасаған. Екеуі де қателесті. Ал «Севилья» – «Лестер» кездесуінің есебін дәл тапқан Еркін Шәкір еншісіне үш ұпай жазып, ширек финалға бір табан жақындады. Дегенмен, алда жауапты ойындар бар.



Еурокубок «болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика