Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге: "Барселонаның" басынан бақ тайды ма?

Футбол
1K
Болжам-бәйге:
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

ПСЖ – БАРСЕЛОНА 

(Серік Досманбетов VS Максим Рожин)

«Барселонаның» кешегі ойыны көпшілікті таңғалдырды. Рас, ПСЖ да азуын айға білеген команда, бірақ Месси, Суарес, Неймар бастаған серкелер кез келген қақпаның кілтін таба білетін еді ғой. Ал кеше олар қақпаларына жауапсыз төрт доп жіберіп алды. Ешкім де мұндай есеп тіркеледі деп ойлаған жоқ. Тіпті, біздің «букмекерлеріміз» де. Максим Рожин тең ойнайды деп ойлаған. Қателесті. «Қайсар» футбол клубының жаттықтырушысы Серік Досманбетов француздардың жеңісіне сенімді болғанымен ол да ірі есепті күтпеген еді. Дегенмен, бір ұпаймен әзірге Серік Досманбетов алда тұр. Алда әлі жауапты ойын бар.  


БЕНФИКА – БОРУССИЯ Д 

(Ардақ Тоғымов – Ая Өміртай)

Португалиядағы матчта 1:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Ойынның 48-минутында Костас Митроглу соққан гол «Бенфикаға» жеңіс әперді. Дегенмен, біздің «Болжам-бәйгемізге» түскен екі «букмекерімізді» де бұл есеп қанағаттандырмады. Екеуі де тең есепке бәс тіккен. Сондықтан, қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді. Бұл жөнінен голдың авторын дәл тапқан Ая Өміртай әзірге алда. Енді жауапты ойынды күтеміз.


Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика