Вернуться к списку статей

Алтыншы турда топжарған – Шамкен Байырбек

Футбол
1K
«Олимпиакос» – «Ювентус» матчының фотосы uefa.com сайтынан алынды
Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңі аяқталды. Ал біз өз бәйгеміздің алтыншы турын қорытындылаймыз.

Бұл турда жас журналист Шамкен Байырбек үздік шықты. Ол «Барселона» клубының «Спортингтен» екі доп айырмасымен басым түсетіндігін дәл тапты (болжам – 4:2, ал матч – 2:0). Ал бұл – екі ұпай. Содан соң «Олимпиакос» – «Ювентус» матчының есебін дәл тауып қана қоймай, бірінші таймдағы нәтижесін де айна-қатесіз атады (0:2 және 0:1). Сонда: 2 + 3 + 0,25 = 5,25!

Алтыншы турда екінші орынға Нұрболат Әлдибек ие болды. Ол «Реалдың» «Боруссия» (Дортмунд) клубын жеңетінін топшылады (болжам – 2:0, ал матч – 3:2). Сонымен қатар, «Тоттенхэм» мен АПОЭЛ арасындағы матчтың қалай аяқталатындығы дәл тапты (3:0). Сонда, 1 + 3 = 4.

Үшінші орын әріптесіміз Қуаныш Смағұловқа бұйырды. Ол «Манчестер Юнайтед» клубының ЦСКА футболшыларын 2:1 есебімен сүріндіретіндігіне сенген болатын. Әрі осы болжамы дұрыс шығып, 3 ұпай еншіледі.

Енді бәйгеміздің қорытынды кестесіне көз жүгіртулеріңізге болады:


Ескерту: Ұпайлары бірдей болжамшыларымыз қосымша көрсеткіштері (қызыл қағаз, пенальти және Total қағидасы) бойынша жіктелді.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне арнайы ұйымдастырып отырған «Болжам-бәйгеміздің» ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Болжам-бәйгеміздің әрі қарай қалай өтетіндігіне алдағы уақытта егжей-тегжей тоқталып өтеміз...

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика