Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Лондондағы голдар шеруі Римде жалғаса ма?

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Лондондағы голдар шеруі Римде жалғаса ма?
Көзді ашып-жұмғанша Чемпиондар лигасы да бел ортасынан асты. Бүгін төртінші тур ойындары. Уақыт өткен сайын «Болжам-бәйгемізде» де тартыс қызып тұр. Жанкүйерлер мен журналистер арасында ұйымдастырылып жатқан бәйгемізде мына букмекерлердің пайымдарын ұсынады.

Жеребе тарту қорытындысы бойынша, «А» тобының ойындарына Астана футбол федерациясының менеджері Ерік Чинчалинов, «В» тобының қос кездесуіне мектеп мұғалімі Мадина Сарбалаева, «С» тобының матчтарына «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Аян Әбдуәли және «D» тобының бүгінгі ойындарына Әлеуметтік желі қолданушысы Мықтыбек Оразтайұлы өз пайымдарын білдірді.

Кімнің неше ұпай жинайтынын бүгінгі футбол түнінен кейін білетін боламыз.


«Болжам-бәйге» жобамыздың ережесімен мына сілтеме бойыншатанысуға болады.


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика