«Шахтер» – «Астана» – 1:2
«Астана чемпион болу үшін кейінге шегерілген матчтарын ұтымды пайдалануға тырысады. Еуропа лигасында ел намысын қорғап жүрген Станимир Стойловтың шəкірттері Қарағандыда алдағы маңызды ойындарын ойлап, көп гол соға алмайды деп ойлаймын. «Шахтер» өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысып, елордалықтардың қақпасына жол табады.
P.S.: Толқынның ХХV турдың қалған бес ойынына берген болжамын мына сілтеме арқылы өтіп, көруге болады.
Көшбасшыларға сеніп қалып...
Өткен ХХІХ турдың ойындарына el.kz сайтының редакторы Мөлдір Дарханбаева болжам берген болатын. Төмендегі кестеден қарындасымыздың болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.
Мөлдір Дарханбаеваның ХХІХ турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Ермек пен Толқын екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойындары бар, әлі. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты;
** – Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;
*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.