«Ертіс» – «Ақжайық» – 1:0
Кереку командасы соңғы рет 24 маусымда (!) өз алаңында «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңді. «Ертіс» сол уақыттан бері жанкүйерлерін қуанта алмай келеді. Ертеңгі кездесу павлодарлықтарға турнир кестесіндегі жағдайын реттеуге зор мүмкіндік бермек. Ол үшін жеңіске жетсе болғаны.
«Тобыл» – «Ордабасы» – 1:1
Қостанайда өтетін текетірестің «Ордабасыға» ауыр соғатыны белгілі. Әйткенмен, қола жүлдеге бір табан жақын Шымкент клубына аталмыш матчта тең түссе де жеткілікті. Оның үстіне, қос команда соңғы үш кездесуде жеңіліс дегенді білмей келеді. Сондықтан, бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталады.
«Тараз» – «Қайрат» – 0:3
Бүгінде чемпиондық атақтан дәмелі «Қайрат» үшін Таразда жеңіске жету қиынға соқпайды деп ойлаймын. Чемпионаттың екінші айналымда «Таразды» 4:0 есебімен басым түскенін еске ала отырып, бұл кездесуде жеңісті Алматылық командаға берер едім.
«Атырау» – «Ақтөбе» – 2:1
26-турда «Астанадан» күйрей ұтылып, «нокдаунға түскен» (есеп – 0:7!) «Атырау» ұжымы тез есін жинап алады деген сенімдемін. Әйтпесе, Джокич, Общивац, Двалишвили сынды легионерлерге көбірек сенім артатын команда бұл жолы да ұпайсыз қалуы мүмкін. Батыс дербиі 2:1 есебімен, алаң иелерінің жеңісімен аяқталады.
«Шахтер» – «Оқжетпес» – 0:0
Сырт алаңдағы екі ойында жолы болмаған кеншілердің жеңіске деген құлшынысы бұл кеште жоғары болатыны сөзсіз. Алайда, бас жаттықтырушысына соңғы мүмкіндік берілген «Оқжетпес» үшін түзде ұпай алу маңызды екенін де естен шығармауымыз керек. Бұл матчта тең есеп тіркеледі.
«Қайсар» – «Астана» – 1:4
Бейсенбі күні УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түсіп жүрген жалғыз командамыз «Астананың» түзде «Вильярреалдан» 1:3 есебімен жеңілгенін білеміз. Сол матчта есесі кеткен елордалық жігіттердің Қызылордаға қандай көңіл-күймен баратынын да болжау қиын емес. Бұл күні «Қайсар» командасы қанша тыраштанса да, жеңіліске ұшырайды. Тіпті, ірі есеп тіркелуі де бек мүмкін.
Мадина да жеті ұпай жинады...
Өткен ХХVІ турдың ойындарына «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мадина Асылбек болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден журналист қарындасымыздың болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.
Мадина Асылбектің ХХVІ турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту:
* – Ермек пен Толқын екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойындары бар, әлі. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты;
** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;
*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.