Вернуться к списку статей

Алты ойында да алаң иелері жеңіске жетеді – Мадина Асылбек

Футбол
1K
«Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мадина Асылбек
Қазақстан премьер-лигасының ХХVІ турына «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мадина Асылбек болжам жасайды.

"Астана" – "Атырау" – 2:0

"Астана" – "Атырау" матчындағы фавориттің қай команда екені, айтпаса да түсінікті. Соңғы ойындарда елордалықтар өз қақпаларына гол жібермей жүргенін ескерсек, бұл жолы да сол дәстүрді бұзбауға тырысатындықтары сөзсіз. Ал атыраулықтар қауіпті аймақтан тезірек шығу үшін бұл ойында бар күш-жігерлерін салулары керек.

"Ақжайық" – "Оқжетпес" – 2:1

"Ақжайық" пен "Оқжетпестің" екеуіне де жеңіс керек. Турнирлік кестенің соңғы орнында қалып қоймас үшін, әрине. Өз алаңында қай командаға да лайықты қарсылық көрсететін алаң иелері көкшетаулық жігіттердің де кеңінен көсілуіне мүмкіндік бермесе керек. Матч бір доп айырмасымен жергілікті клубтың жеңісімен аяқталады деп ойлаймын.

"Ақтөбе" – "Шахтер" – 1:0

Осыдан бірер жыл бұрын Еурододаларда атой салып жүрген бұл екі команданың бүгінгі ойын өрнегі жанкүйерлер көңілінен шықпай келеді. Маусым айында ғана жергілікті көрермендер алдында кеншілерге есе жіберген ақтөбеліктер бұл жолы сол қателікті түзеуі мүмкін. Әрі соңғы мачтарда алға ұмтылыстары да жаман емес. Сондықтан бұл кездесуде аздаған басымдықпен, 1:0 есебімен "Ақтөбе" жеңіске жететін шығар.

"Қайрат" – "Қайсар" – 3:0

Бұл маусымда "Қайраттың" өз алаңында қарсыласына есе жіберген кезі жоқ. Бар күшін ел ішіндегі додаларға салып жатқан Алматы клубы қызылордалық қонақтарының қақпасына жауапсыз 3 гол соқса да, таң қалмаймын.

"Ордабасы" – "Тараз" – 1:0

Оңтүстіктің қос командасы арасындағы матч шектен тыс тартысты болатын шығар. Петрушин шәкірттерінің үш ұпайды толықтай еншілеуге тырысып бағары анық. Дегенмен тараздық футболшылар да қорғаныста сауатты ойнайды деп ойлаймын. Сондықтан ойын бір доп айырмасымен аяқталуы әбден мүмкін.                       

"Ертіс" – "Тобыл" – 1:0

"Ертіс" пен "Тобыл" ойыншылары голдарды топырлатады деп ойламаймын. Бірақ осының алдында ғана қостанайлықтарға жол берген "Ертіс" бұл жолы жанкүйерлерін жерге қаратпас. Матч тағдырын жалғыз гол шешуі де мүмкін.


Толқын да үздік үштікте...

Өткен ХХV турына NAR-TV телеарнасының спорт журналисті Толқын Бакирхужаев болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен бес ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Бұл турда бір ойын кейінге шегерілген. Яғни Толқынның да әлде де жоғары көтерілуіне мүмкіндігі бар.

Толқын Бакирхужаевтың ХХІV турға берген болжамының қорытындысы




Ескерту:

* – Ермек пен Толқын екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойындары бар, әлі. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты; 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика