Вернуться к списку статей

«Ордабасы» Бақтияр Байсейтовтің туған күніне жеңіс сыйлайды – Толқын Бакирхужаев

Футбол
1K
NAR-TV телеарнасының спорт журналисі – Толқын Бакирхужаев
Қазақстан премьер-лигасының ХХV турына NAR-TV телеарнасының спорт журналисі Толқын Бакирхужаев болжам жасайды.

«Тобыл» – «Ақжайық» – 2:0

Қостанайлықтар соңғы екі матчта өз алаңдарында жеңілген жоқ. Бірақ түздегі үш ойында соқыр ұпай да ала алмаған. Сондықтан, өз жанкүйерлері алдында «Ақжайық» клубынан 3 ұпай алуға тырысады.

«Тараз» – «Ертіс» – 1:1

Павлодарлықтар төртінші орынға ие болып, келер жылы Еуропа лигасында бақ сынау үшін барын салады. Әр кездесуде ұпай алуға тырысады. Сол үшін олар Тараз қаласында қарсыластарының қақпасын нысанаға алады. «Тараз» да өз жанкүйерлері алдында намысты қолдан бермейді.

«Қайсар» – «Ордабасы» – 1:2

Шымкенттіктер клуб президенті Бақтияр Байсейтовтің туған күніне (27 тамызда туған) сыйлық жасауы әбден мүмкін. Бәлкім, биылғы ел чемпионатында үздік ойыншылардың біріне айналған Таңат Нөсербаевтің кезекті голдарына куә болармыз.

«Атырау» – «Қайрат» – 0:2

Испаниялық Карлос Алош Феррер Алматы ұжымына бас бапкер болып келгелі екі рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл жолы да олардың жеңісті ойындарын жалғастыратына күмәнім жоқ. «Атырау» өткен турда Шымкентте бірнеше футболшыларынан айрылды. Жарақаттарынан толық айықпағандықтан гол соғу да оңай болмас.

«Оқжетпес» – «Ақтөбе» – 1:1

Аутсайдерлер матчы. Қос команда гол алмасып, бір ұпайдан алады деп отырмын. Бірақ, Көкшетау жанкүйерлері өте тартысты ойынға куә болады.

 Ермек үздік үштікте...

Өткен ХХІV турына «Қазспорт» телеарнасының редакторы Ермек Төрениязов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен бес ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар. Бұл турда бір ойын кейінге шегерілген. Яғни Ермектің әлі де жоғары көтерілуге мүмкіндігі бар.

Ермек Төрениязовтың ХХІV турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Ермек екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Әрі кейінге шегерілген бір ойыны бар, әлі. Негізі, Нағи Бақытбеков те екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты; 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика