Вернуться к списку статей

«Орда» Астанаға берген ұпайын Қарағандыдан қайтарады – Әли Битөре

Футбол
1K
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі – Әли Битөре
Қазақстан премьер-лигасының ХХІІІ турына «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Әли Битөре болжам жасайды.

Бұл турда үздік алтылықтағы бес команда («Тараздан» басқа) өз ойындарын сырт алаңда өткізеді. Яғни, 23-турдан кейін турнир кестесінде тек екінші алтылықта ғана аздаған өзгеріс болары анық.

«Ақтөбе» – «Астана» – 1:2

Елорда клубы Ақтөбеге қонаққа барады. Шотландия сапары алдында дайырдықтарын соңғы рет пысықтап алуға – жақсы мүмкіндік. Бірақ «Астананы» оңай матч күтіп тұрмағаны анық. Өйткені негізгі құрамның бір қатар ойыршылары жарақат алып, өткен турда саптан шығып қалған болатын. Жарақаттарынан айықса да, Стойлов оларды «Селтикке» қарсы ойынға сақтап қалатын шығар. Әйткемен де, ел чемпиондарының алдағы ойында жеңіске жетететініне сенімдімін.

«Қайсар» – «Тобыл» – 0:1

Өткен турда екі команданың да ұпай жоғалтқанын ескерсек, үш ұпай иелену үшін барын саларлары анық. Әсіресе, үздік үштіктен үмітті – «Тобыл». Сондай-ақ Қостанай клубы соңғы екі турда қарсыластарына ұпай таратып, жағдайларын біршама төмендетіп алған. «Қайсарға» да жеңіс аудай қажет екені рас. Бірақ бұл ойында «Тобыл» сәл ғана басымдықпен жеңіске жетуі мүмкін.

«Шаxтер» – «Ордабасы» – 0:2

Шымкент клубы «Астанаға» үш ұпай беріп қойған соң, сол ұпайларын Қарағандыдан оңтүстікке арқалап қайтуды көздейді. Екі апта бұрын «Таразға» ұпай сыйлаған кеншілер "Ордабасыны" да құр алақан қайтармас. Сәл бұрын басшылық ауысып, ойыны түзеліп келе жатқан "Шаxтер" жеңіске жетсе екен деймін, бірақ... Жоғарыда жеңісті "Ордаға" беріп қойған екенмін.

«Атырау» – «Ертіс – 1:1

Мұнайлы аймаққа сапар шеккен павлодарлықтар өз үйлеріне бір ұпай олжалап қайтуы мүмкін. Екі ұжымға да ұпай аса қатты қажет болған соң, үш ұпайды бір-бірінен "қызғанып", ойын соңында бір ұпайды қанағат тұтады.

«Оқжетпес» – «Қайрат» – 1:3

Меніңше, осы турдағы ең көп гол «Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы матчта соғылса керек. Алматылықтардың үш голына көкшетаулықтар бір ғана доппен жауап беруге қауқарлары жетіп қалар. Бұл ойында «Қайраттың» ірі есеппен жеңіске жетуі де мүмкін. Бірақ ішкі түйсік матч қорытындысы 1:3 болады деп жатыр.

«Тараз» – «Ақжайық» – 2:0

Турдың соңғы ойынында "Тараз" өз алаңында турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан Орал командасынан емтиxан қабылдайды. Және "Ақжайықтың" бұл сыннан сүрінуі мүмкін. Соңғы бес турдың төртеуінде ұтылып, біреуінде ғана ұпай бөліскен "Ақжайық" бұл жолы да сол әдетінен жаңыла қоймас.

Жалпы, болжамдарымды қорытындылайтын болсам, бұл турда үздіктер ұпай жоғалтпайды. Сондай-ақ айтарлықтай сенсация да бола қоймас.

«Қайратқа» сенбей...

Өткен ХХІІ турдың ойындарына елімізге танымал спорт шолушысы Талғат Садықов болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.

Талғат Садықовтың ХХІІ турға берген болжамының қорытындысы

 

Ескерту:

* – Негізі, Нағи Бақытбеков екі ойынның нәтижесін дәл тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды. Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты; 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

*** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов және Талғат Садықов үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика