Вернуться к списку статей

Кейінге шегерілген матчтарда қонақтар жеңіске жете ме?

Футбол
1K
Фото fc-aktobe.kz сайтынан алынды.
Ертең Қазақстан премьер-лигасында VІІІ және ХV турлардың кейінге шегерілген екі ойын өтеді.

VІІІ турға Талдықорғандағы «Жетісу» газетінің спорт шолушысы Ришад Тұрғанбай болжам жасаған болатын:

«Атырау» – «Оқжетпес» – 0:1

«Атырау» мен «Оқжетпес» бұл жолғы ойыннан кейін турнир кестесіндегі орындарын алмастырады. Бір-бірінің əуселесін тексергенімен, ойында ірі есеп тіркелмейді. Əйтсе де, «Оқжетпес» үш ұпай олжалайды.

*  *  *

ХV турға елімізге танымал кәнігі спорт шолушысы, Қазақстан Журналистер Одағы үздік журналисіне берілетін Т.Жанұзақов, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері, Астанадағы Еуразиялық ұлттық университеттің оқытушысы Дүрәлі Дүйсебай ағамыз болжам жасаған:

«Ақжайық» – «Ақтөбе» – 1:2

Осы ойын уақытында өтсе, яғни маусым айының басында, онда тең аяқталады деп ойлап едім. Бірақ кейінге шегерілді. Одан бері біраз өзгерістер жүзеге асты. Атап айтқанда, жазғы трансфер кезінде «Ақтөбе» едәуір күшейді. Легионерлерін ауыстырды. Ойын өрнектері енді түзеліп, жетіліп келеді. Қонақтар Жайық жағасынан үш ұпай олжалап қайтады деп ойлаймын.


Жиырма бірінші тур тосын нәтижеге толы болды

Өткен ХХІ турдың ойындарына Алматыдағы әріптесіміз, танымал журналист Қуаныш Бажақ болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижесін салыстарып көре аласыздар.

Қуаныш Бажақтың ХХІ турға берген болжамының қорытындысы


Ескерту:

* – Негізі, Нағи Бақытбеков екі ойынның нәтижесін дәл тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды. Фархат Әміренов бір матчтың нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты. Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін (екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты. 

** – Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты, ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (екі ойынның доп айырмасын) шешті.

*** – ХV турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

**** – VІІІ турдың бір ойыны кейінге шегерілген.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика