Вернуться к списку статей

Мадина Асылбек бір ойынның нәтижесін дәл тауып, көш бастады

Футбол
2K
«Атлантас» – «Қайрат» кездесуінің суреті fckairat.com сайтынан алынды
2017/2018 жылдар маусымындағы Еуропа лигасының бірінші кезеңі тәмамдалып, біздің болжамшыларымыздың арасында Мадина Асылбек көш бастады.

Еуропа лигасының алғашқы електік сатысындағы ойындардың бірінің нәтижесін дәл тапқан болжамшымыз бар. Ол – жігіттермен жалғыз өзі бәйгемізге қатысып отырған қарындасымыз Мадина Асылбек.

Республикалық «Қазақ спорты» газетінің шолушысы «Атлантас» – «Қайрат» кездесуінің 1:2 есебімен аяқталатындығын дәл тапты. Сөйтіп ол біздің бәйгемізде көш бастады. Жалпы, бұл жолы 1-турда бірдей ұпай жинап, “үзеңгі қағыстырған” болжамшыларымыздың аралары жіктеле түсті.

Бір ескерте кетерлігі, екеуі де төрт ұпайдан жинаса да, “Total” қағидасы ескеріліп, Нағи Бақытбеков өткен турдағы көшбасшымыздан жоғары тұр. Себебі ол «Дунав» пен «Ертіс» “тең түседі” деген болатын. Ал Ардақ Тоғымов “Павлодар клубы ұтылып қалады” деп пайымдаған.

Сонымен, Еуропа лигасының бірінші кезеңдегі ойындарынан кейінгі кестеміз төмендегідей (жақшаның ішінде – әр ойыннан еншілеген ұпайлары):


Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика