Вернуться к списку статей

"Болжам-Бәйге" жобасының чемпионы – Думан Балықбаев

Футбол
1K
«Болжам-бәйгеміз» мәресіне жетті. Өткен жылдың қыркүйегінен басталған жобада Думан Балықбаев Чемпиондар лигасының «Үздік сәуегейі» атанды.

Журналист, футболшы, қайраткер, блогер, шоумен және спорттағы арулардың барлығын қосқанда 32 адам қатысқан жобада топтық кезең, плей-оффтың барлығынан өтіп, финалға Ермұхамед Мәулен мен Думан Балықбаев шыққан.

«Ювентус» пен «Реал» ойынын күткендей Ермұхамед Мәулен мен Думан Балықбаев текетіресін де көпшілік тағатсыздана күтті. Алғашқысы туриндіктердің жеңісіне бәс тіккен, екіншісі «Реал» пенальтиден ұтады деді.

Ақыры корольдік клубтың жеңісіне сенген Думан Балықбаев Қазақстандағы ең ауқымды «Болжам-бәйге» жобасында үздік атанды.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика