Вернуться к списку статей

"Болжам-бәйге". Бүгін Еуропа лигасының жеңімпазы анықталады

Футбол
1K
Бүгін Еуропа лигасының финалы. Швеция астанасы Стокгольмнің «Достар арена» стадионында Голландияның «Аяксы» мен Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары кездеседі. Сондай-ақ, «Болжам-бәйге» бәсекесінде де жеңімпаз анықталады.

Еуропа лигасына қатысқан 32 қатысушының ішінде мүдірмей финалға жеткен қос «хабарлық» Амангелді Сейітхан мен Жандос Айтбайұлының екеуі де кубокты «Манчестер Юнайтед» жеңіп алады деп отыр. Сондықтан, «Болжам-бәйге» бәсекесінде финалдың тағдырын қосымша көрсеткіштер шешеді.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика