«Шахтер» – «Ақжайық» – 2:1
«Шахтерге» шегінерге жер жоқ. Доп додасында ұпай таратумен келеді. Енді күш салмаса болмайды. Қазір өзімен күші қарайлас «Ақжайықты» тізе бүктірмесе, жағдайы одан әрі қиындай түседі. Менің ойымша, кеншілер өз алаңындағы ойында жанкүйерлерін қуантады.
«Астана» – «Ертіс» – 2:0
Еліміздің маңдайалды командасы – «Астана» биылғы біріншілікте де тәп-тәуір ойын өрнегін көрсетіп келеді. «Ертістің» де жағдайы жаман емес. Дегенмен, Еурокубок ойындарында шеберлік шыңдап, әбден ысылған елордалықтар екінші айналымды да қарқынды бастайтыны анық.
«Атырау» – «Ордабасы» – 1:1
Мұнайлы өңірдің намысын қорғайтын «Атырау» алғашқыда аздап кібіртіктеп қалғандай еді. Соның салдарынан бапкер де қызметінен кетті. Ендігі кезекте ресейлік маман Сергей Павлов өзінің тәжірибесін көрсете білді деп санауға толық негіз бар. Десе де, талайдың мысын басқан «Ордабасымен» бұл жолы тең нәтижеге қанағат білдіреді.
«Ақтөбе» – «Тобыл» – 1:0
Кезінде атағы мен абыройы талай жұртты таңғалдырып, «Кәрі құрлықтың» беделді додаларында ел намысын қорғаған «Ақтөбе» биыл жанкүйерлерді қуанта алар емес. Осы жолы сенімді ақтап, өз жанкүйерлерін тамаша ойын өрнегімен желпінте түседі деген сенімдемін.
«Оқжетпес» – «Қайрат» – 0:2
«Оқжетпестің» жағдайы биыл көңілдегідей емес. Ойыншылар бір-бірін түсіне алмай жүр ме? Қайдам? Әйтеуір, бір түсініксіз нәрселер бар. Қаржылық әлеуеті талайды қызықтыратын «Қайрат» та адымын ашып, көсіле алмай келеді. Менің ойымша, оңтүстікастаналық футболшылар осы ойынды қарқынды өткізеді.
«Тараз» – «Қайсар» – 0:1
Премьер-лигаға ойда-жоқта қосылған тараздықтар сол дайындықтың аздығының зардабын тартып жүрген секілді. Рас, өз алаңындағы ойындарда ешкімнің ығына жығыла қоймайтыны тағы бар. Таразда болған алғашқы төрт кездесуінде ешкімнен жеңілген жоқ. Десе де, соңғы екі кездесуінде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Бұл жолы да солай болатын секілді. «Қайсар» да жеңіске жетуге бар күшін салмақ.
Көшбасшылар өзгерер емес
Өткен, ХІ турдың ойынына Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашев болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден әріптесіміздің болжамы мен алты матчтың нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.
Арсен Ғұбашевтың ХІ турға берген болжамының қорытындысы
Ескерту: * – VІІ турдың бір матчы кейінге шегерілген; Әрі Ғабит С. екі ойынның нәтижесін дәл тапты. Уәлихан Қ. бес ойынның жалпы есебін және екі ойынның доп айырмасын болжап шықты.
** – VІІІ турдың екі ойыны кейінге шегерілген.