Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Ювентус" – "Монако" матчы кімге қызық?

Футбол
1K
Болжам-бәйге.
Бүгін Чемпиондар лигасында финалға жолдама алатын алғашқы команда анықталады. «Ювентус» немесе «Монако»?

Чемпиондар лигасымен қатар «Болжам-бәйге» бәсекеміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. «Ювентус» – «Монако» жұбына болжам жасаған футбол статисті Думан Балықбаев пен Мадина Асылбек бірінші кездесуден кейін есептен қателесіп, еншілеріне ұпай жаза алмаған. Бірақ голдың Гонсало Игуаин соғатынын тапқан Мадина Асылбек қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұр. 

Бүгін шешуші ойын. «Ювентус» пен «Монако» арасындағы емес, Мадина Асылбек пен Думан Балықбаевтың тартысы қызықты болайын деп тұр. Сондықтан, Туриндегі ойынды сол үшін көру қажетпіз.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика