Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Атлетиконың" "Реалдан" несі кем?

Футбол
2K
Болжам-бәйге.
Бүгін Мадридтегі «Реал» – «Атлетико» кездесуімен Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойындары басталады.

Бар болғаны төрт-ақ команда қалды. Соған сәйкес, болжамшыларымыз да төртеу. Бүгін солардың екеуі Ермұхамед Мәулен мен Еркін Шәкір «Реал» мен «Атлетико» матчына болжам жасайды. Екеуі де корольдік клубтың жеңісіне бәс тігіп отыр. Тіпті, екі гол айырмашылығымен ұтады деп те бәс тігіп жатыр. Ал шын мәнінде қалай болатынын бүгін түнде білетін боламыз.


Еурокубок ойындарына арналған «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика