Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Жартылай финалдың жеребесін Бек Төлеуов жүргізді

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Бек Төлеуов Чемпиондар және Еуропа лигасының жартылай финалдық жеребесін жүргізді
Еурокубок турнирлеріне ұйымдастырылған «Болжам-Бәйге» бәсекесі шарықтау шегіне жақындап қалды. Бүгін Астана футбол федерациясының кеңсесінде жеребе тарту рәсімі өтіп, жартылай финал жұптары түзілді.

Жеребе тарту рәсімін спорт журналисі, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз хатшысы Бек Төлеуов жүргізді. Алдымен Чемпиондар лигасының жұптары түзіліп, соңынан Еуропа лигасы жартылай финалының қарсыластары анықталды.

– Қайсысының финалға шығып, кімдердің жеңімпаз атанатынын болжау қиын. Чемпиондар лигасында да, Еуропа лигасында да кіл мықты «букмекерлер» қалған. Жартылай финалға кездейсоқ шыққан ешкім жоқ. Бәріне де сәттілік тілеймін. «Болжам-бәйгеге» қарағанда Еуропа төріндегі қос турнирдің фавориттерін айту оңай болып тұр. Меніңше Чемпиондар лигасының финалында «Реал» мен «Ювентус» кездесетін секілді. Ал Еуропа лигасын биыл «Манчестер Юнайтед» жеңуі тиіс, - деді Бек Төлеуов.



Еурокубок «Болжам-бәйгесінің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика