VІІ турдың төрт матчына (екі ойыны кейінге шегерілген) Талдықорғандағы «Жетісу» газетінің спорт шолушысы Ришад ТҰРҒАНБАЙ болжам жасап, өз пікірін ортаға салды.
«Астана» – «Тараз» – 2:0
«Астананың» қазіргі қарқыны жақсы. Чемпиондыққа таласатын бәсекенің ұшар басында тұр. Бұл жолы үш ұпайды «Таразға» ұстатпайды.
«Ақжайық» – «Қайсар» – 0:3
«Ақжайық» жанарымен жер шұқиды. «Қайсарға» қайсарлық таныта алмайды. Төрт тур бойы жеңіске жете алмай жүрген Қызылорда клубы “қамшыны” басуы керек.
«Ертіс» – «Қайрат» – 0:1
«Қайрат» енді қарқын алды. Маусым басындағы ойындарынға қарағанда, футболшылары бір-бірін енді түсінгендей. Ірі есеп тіркелмесе де, үш ұпай олжалайды.
«Ордабасы» – «Тобыл» – 1:1
Екі команда тең түсіп, ұпай бөліседі. Бір-бірімен деңгейлес осы екі команданың арасындағы кездесу шектен тыс тартысқа болуы керек.
Ғабит Сапарбеков көш бастады
Өткен, VІІ турдың бес ойынына (бір матчы кейінге шегерілген) Шымкенттегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің спорт шолушысы Ғабит Сапарбеков болжам жасаған болатын. Ол бес ойыннан жеті ұпай еншілеп, журналистер арасында көш бастады.
Негізі, Ғабиттің әлі бір ойыны бар. Яғни өз көрсеткішін әлі ұпай қоса алады. Төмендегі кестеден журналистің болжамы мен бес ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.
Ғабит Сапарбековтің VІІ турға берген болжамының қорытындысы