Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасы. Жартылай финалға шыққан алғашқы болжамшыларымыз

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Жартылай финалдың алғашқы есімдері белгілі
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасында жартылай финалға жолдама алған алғашқы екі команда анықталды. Олар Мадридтің қос командасы «Реал» мен «Атлетико». Алғашқылары қос матчтық текетіресте Германияның «Бавариясынан» басым түссе, «Атлетико» Англияның «Лестерінен» үстем болды.

Сол сияқты, біздің «Болжам-бәйгеде» де жартылай финалға өткен қос мықты анықталды. Серік Досманбетов пен Еркін Шәкір дуэлі соңғысының жеңісімен аяқталды. Негізі, екеуі де екі ойыннан ұпай жинаған. Қосымша көрсеткіштері де тең еді. Топтық кезеңде де 15 ұпайдан жинапты. Дегенмен, топтық кезеңде үш ойынның тура нәтижесін дәл тапқан Еркін Шәкір жартылай финалға жолдама алды. Ал Думан Балықбаев пен Асқар Ағатаев арасындағы тартыста алғашқысы 4:1 есебімен жеңді.


Еурокубок «болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика