Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. Жартылай финалдан бәрі де үмітті

Футбол
1K
Болжам-бәйге. Жартылай финалдан бәрі де үмітті
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы ойындары өтіп, Болжам-бәйге бәсекесінде суырылып алға шыққан «букмекерлеріміз» белгілі болды. Шынтуайына келгенде кешегі үш ойыннан кейін алты «болжамшымыздың» да жартылай финалға өту мүмкіндігі бірдей.

Алдымен бір күн кейінге шегерілген «Боруссия» – «Монако» кездесуіне тоқталайық. Француздар айды аспанға бір-ақ шығарып, немістерді Дортмундта 3:2 есебімен тізерлетті. Енді «Боруссияға» жартылай финалға жолдама алу үшін Монакода кем дегенде екі гол айырмашылығымен жеңіске жету қажет немесе төрт гол соғулары тиіс. Бұл ойынға Ермұхамед Мәулен мен Дидар Сыдықбек болжам жасаған. Екеуі де алаң иелерінің жеңісіне бәс тігіп, сан соғып қалды.

Мадридте «Атлетико» мен «Лестер» кездесіп, алаң иелері Антуан Гризманнның пенальтиден соққан голының арқасында жеңіске жетті. Бұл ойынға болжам жасаған Думан Балықбаев пен Асқар Ағатаев болатын. Екеуі де 2:0 есебіне бәс тігіп, еншілеріне бір-бір ұпайдан жазды.

Ал Чемпиондар лигасының өткен жылғы чемпионы «Реал» Мюнхенде «Баварияны» тізерлетті. Алаң иелері есепті бірінші болып ашып, артынша пенальтиден есепті еселейтін мүмкіндіктері болған. Алайда Артуро Видаль допты нүктеден «галактикаға» бір-ақ асырып, дубль жасау мүмкіндігінен айрылды. Ал екінші таймда Криштиану Роналду таразы басын теңестіріп, одан кейін Мартинестің қызыл қағазының кесірінен кем құрамда қалған «Баварияның» қақпасына тағы бір гол соқты. Біздің «букмекерлер» бұл кездесуде тең есеп тіркеледі деп болжаған еді.




Еурокубок «болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика