Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге. "Бавария" "Реалдан" үш жыл бұрынғы "кегін" қайтара ала ма?

Футбол
1K
Болжам-бәйге.
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Бүгін Чемпиондар лигасының ширек финалдық текетіресі аясында бірден үш ойын өтеді. Дортмундта дәл «Боруссия» автобусының алдында жарылыс болғандықтан бұл ойын бүгінге қалдырылып, «Боруссия» мен «Монако» жасыл алаңға кешкісін шығады. Аталмыш командалардың бірінші кездесуіне Ермұхамед Мәулен мен Дидар Сыдықбек болжам жасап қойған.

Ал бүгін бізді тағы екі кездесу күтіп тұр. Мюнхенде «Бавария» мен «Реал» кездессе, Мадридте «Атлетико» мен «Лестер» айқасады. Алғашқысына «Қайсар» футбол клубының команда басшысы Серік Досманбетов пен «Атамекен» бизнес каналының тілшісі Еркін Шәкір болжам жасады. Испания мен Англия клубтары арасындағы тартысқа пікір білдіру еншісі спорт статисті Думан Балықбаев пен ақтаулық спорт журналисі Асқар Ағатаевқа бұйырды.

 

Еурокубок болжам-бәйгесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика