VІ турдың ойындарына Қызылорда облыстық «Қызылорда-Ньюс» интернет-газеті бас редакторының орынбасары Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ болжам жасап, өз ойын ортаға салды.
«Атырау» – «Шахтер» – 0:0
Турнир кестесінде көршілес орналасқан командалар арасындағы кездесу өте тартысты болуы керек. Екеуі де кежегелері кейін тартып, биылғы маусымның басында сәтсіздікке ұшырады. Бұл ойында форс-мажор санатына жатқызуға болатын жағдайлар, яғни алаңнан қуылу немесе пенальти болмаса, екеуі тең ойынды қанағат тұтады.
«Астана» – «Ақтөбе» – 3:1
Дәреже және деңгейіне байланысты чемпион өз алаңында жеңіске жетуге міндетті. Рас, ақтөбеліктер түзде жақсы ойнайды. Әйтсе де, оған қарамай, «Астана» айласын асыруы керек.
«Ақжайық» – «Оқжетпес» – 2:1
Бір айнадырса, шыр айналдыратын сәтсіздік Көкшетау командасының бағын байлап жүр. Жолы қашан ашылары белгісіз. Матчтың соңғы минуттарындағы пенальти, шырғалаң Көкшенің “кербез ойын” командасының сағын сындырып жүр.
Вахил Масудов жаттықтыратын оралдықтар шабуылға көп көңіл бөліп жүр. Бұған соққан голдарының саны да дәлел бола алады. Енді қорғаныстағы қателіктерін түзесе, онда «Ақжайықтың» көшбасшылар арасында болуы да мүмкін еді. Бұл ойында өз алаңында ойнайтын команданың мысы басып, еншісіне үш ұпай жазуы тиіс.
«Ертіс» – «Тараз» – 3:1
Команда жасақтауға уақыт тығыз болса да, Ваит Талғаевтың шәкірттері тәп-тәуір ойын үлгісін көрсетіп жүр. Бірақ Павлодар клубы ойыншыларының деңгейлері – жоғарылау. Ендеше, «Ертіс» жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанышқа бөлеу мүмкіндігін қалт жібермейді, әрине.
«Ордабасы» – «Қайсар» – 0:2
Командалардың әлеуеттеріне жүгінер болсақ, тең ойын болуы тиіс. Алайда Стойчо Младеновтің арсеналында “құпия қарулары” бар. Оның үстіне, «Қайсардың» қосалқы құрам орындығында бірқатар джокерлері өз кезектерін күтіп, тықыршып отыр.
Қызылордалықтар спорттық баптарына келген, ал шымкенттік футболшылар туралы бұлай айта алмаймыз. Қайсарлықтардың Шымкенттен үш ұпай олжалап қайтулары әбден мүмкін.
«Тобыл» – «Қайрат» – 2:1
«Тобыл» жеңіске жетеді деп батылдық танытқым келіп отыр. Бұл ретте қостанайлықтардың өз алаңында ұтылмай, тіпті қақпаларына гол жібермей жүргендеріне көңіл аударамын. Ал «Қайрат» әзірше кібіртіктеп, жеңісін тең ойындармен сабақтап жүр. Қалай десек те, бұл ойын өте қызық болуы керек.
Ал өткен, V турдың ойындарына aktausport.kz спорт порталынын бас редакторы Асқар Ағатаев болжам жасаған болатын. Төмендегі кестеден журналистің болжамы мен алты ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.
Асқар Ағатаевтың V тур ойындарына жасаған болжамының қорытындысы
«Болжам-бәйге» кестесі