Вернуться к списку статей

Амангелді Сейітхан "Болжам-бәйге" бәсекесінің жеребе тарту рәсімін жүргізді

Футбол
2K
Бүгін Астана футбол федерациясының кеңсесінде «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі жеребесі тартылды. Жеребе тарту рәсімін танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітхан жүргізді.

Алдымен Чемпиондар лигасындағы «букмекерлердің» қай командаларға болжам жасайтыны анықталды. Он алты «болжамшы» екі себетке бөлініп, әрқайсысы өздеріне тиесілі жұптарды иеленді.

Одан кейін кезек Еуропа лигасының «Болжам-бәйгесіне» жетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл турнирдегі бәсекеге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші және төртінші орын алғандар, Еуропа лигасының топтық кезеңінде алғашқы үш орынға ие болғандар және Қазақстан Премьер-лигасының болжам бәйгесінде үздік шыққандар қатысады.

Астана футбол федерациясының менеджері Әйгерім Хасенова мен Амангелді Сейітхан барлық қатысушыларды жұптарға жіктеп, еурокубоктың плей-офф кезеңіндегі командаларын анықтап берді.


Чемпиондар лигасының "Болжам-бәйгесі"


Еуропа лигасының "Болжам-бәйгесі"

Ендеше Амангелді Сейітхан жүргізген «Болжам-бәйге» бәсекесінің жеребе тарту рәсімін тамашалаңыздар.


«Болжам-бәйге» бәсекесінің ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика