Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге: Еуропа лигасының жеребесі екі топта тартылады

Футбол
2K
Фото: uefa.com
Еуропа лигасының плей-офф сатысына шыққан болжамшыларымыз арасындағы жеребе тарту рәсімі де алдағы аптада өткізіледі.

Еуропа лигасы аясындағы «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф сатысына шыққандар саны – 32. Өйткені УЕФА Еурододасының осы лигасы 1/16-финалдық додасынан басталады. Сонымен біздің бәйгемізде плей-оффтың алғашқы сатысына шыққандар:

  • Еуропа лигасы ойындарына болжам жасағандар арасында өз топтарында  1-3 орындарға ие болғандар (12 адам):
  • «Чемпиондар лигасы» болжам бәйгесінде өз топтарында 3-4 орындарды қанағат тұтқандар (16 адам);
  • Қазақстан чемпионатының премьер-лигасының әр турына болжам жасап жүргендердің үздіктері (4 адам).

Ал жеребе тарту рәсімінде бұлардің бәрі екі топқа жіктеледі. Топтық кезеңде бір төрттікте (топта) болғандар бір-бірімен қайта түйісіп қалмас үшін біз болжамшыларымызды екі топқа бөліп отырмыз. Әр топта екі қоржын болады:

«А» тобы

1-қоржын

Чемпиондар лигасы аясындағы «Болжам-бәйгемізде» 3-орын алғандар:

Аршат Ораз, Айдын Қожахмет, Ақырыс Сейтқазы, Ришад Тұрғанбаев, Айдар Күмісбеков, Мұрат Тілешев, Ержан Байтілес, Томирис Сүгірбаева   

2-қоржын

Еуропа лигасы аясындағы «Болжам-бәйгемізде» 2-інші және 3-інші орын алғандар:

Арсен Ғұбашев, Уәлихан Қосанбай, Толқын Бакирхужаев, Әділбек Жақанов;

Бек Төлеуов, Тимур Сүлейменов, Шалқар Естен, Төлебек Қадырмолла.

«В» тобы

1-қоржын

Еуропа лигасы аясындағы «Болжам-бәйгемізде» 1-орын алғандар:

Арай Ізбай, Сәкен Сыбанбай, Есей Жеңісұлы, Амангелді Сейтхан

Сондай-ақ Қазақстан чемпионаты аясындағы «Болжам-бәйгеміздің» үздік төрттігі:

Жандос Айтбай, Түгелбай Бисен, Ермек Төрениязов, Қанат Базылхан

2-қоржын

Чемпиондар лигасы аясындағы «Болжам-бәйгемізде» 4-орын алғандар:

Максим Жалмағаметов, Роза Әрен, Есен Елеукен, Аида Батухан, Асхат Садырбай, Құралбек Ордабаев, Мұрат Сүймағамбетов, Рауан Оқас.


Жеребе алдағы сәрсенбі күні, Астана футбол федерациясының кеңсесінде тартылады. Әдеттегідей, бейнежазбасын жариялайтын боламыз.

Ал болжамшыларымыз төмендегі 16 жұп арасындағы ойындарға болжам жасайтын болады. Әр жұптан келесі кезеңге тек біреуі шығады. Плей-офф сатысындағы ережелерді алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

1/16 финалында кездесетін командалар жұбы (екі матчтық кездесулер 16 және 22/23 ақпан күндері өтеді): 

"Атлетик" (ESP) – АПОЭЛ (CYP)
"Олимпиакос" (GRE) – "Османлыспор" (TUR)
"Сельта" (ESP) – "Шахтер" Донецк (UKR)
"Манчестер Юнайтед" (ENG) – "Сент-Этьен" (FRA)
"Вильяреал" (ESP) – "Рома" (ITA)
"Боруссия" Менхенгладбах (GER) – "Фиорентина" (ITA)
"Алкмаар" (NED) – "Лион" (FRA)
"Легия" (POL) – "Аякс" (NED)
"Гент" (BEL) – "Тоттенхэм" (ENG)
"Ростов" (RUS) – "Спарта" Прага (CZE)
"Краснодар" (RUS) – "Фенербахче" (TUR)
"Андерлехт" (BEL) – "Зенит" (RUS)
"Хапоэль" Беэр-Шева (ISR) – "Бешикташ" (TUR)
ПАОК (GRE) – "Шальке-04" (GER)
"Астра" (ROU) – "Генк" (BEL)
"Лудогорец" (BUL) – "Копенгаген" (DEN)

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика