Вернуться к списку статей

Болжам-бәйге: Чемпиондар лигасының жеребесін тартамыз

Футбол
2K
Фото: uefa.com
Келесі аптада Чемпиондар лигасының топтық ойындары кезінде жүргізілген «Болжам-бәйгеміздің» плей-офф сатысына шыққандар арасында жеребе тартамыз.

Болжамшыларымыз Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі ойындарына жорамал жасап отырған болатын. Біздің бәйгемізде де, аталмыш Еурокубок додасындағыдай, сегіз топта бірінші және екінші орын алғандар 1/8 финалына шыққан.

Енді осы 16 болжамшы арасында жеребе тартамыз. Өз топтарында бірінші орын алғандар 1-қоржында (себетте) болады. Ал екінші орын алғандар – екінші қоржында. Топтық кезеңде бір төрттікте болғандар бір жұпқа түспейді. Басқадай шектеу жоқ.

Сонымен, бірінші қоржынға (себетке) өз топтарында 1-орын алған болжамшыларымыз орналасады:

Еркін Шәкір, Мадина Асылбек, Думан Балықбаев, Серік Досманбетов, Сәкен Дөнесов, Әміржан Мұқанов, Ардақ Тоғымов, Ермұхамед Мәулен.

Екінші қоржында өз топтарында 2-орынға ие болғандар:

Ая Өміртай, Асқар Ағатаев, Айжан Құрмашева, Жан Ахмадиев, Максим Рожин, Руслан Меделбек, Дидар Сыдықбек, Әйгерім Сабралиева.

Жеребе алдағы сәрсенбі күні, Астана футбол федерациясының кеңсесінде тартылады. Әдеттегідей, бейнежазбасын жариялайтын боламыз. Шақырылған қонақтарымыз да бар...

Ал болжамшыларымыз мына сегіз жұптың арасындағы ойындарға болжам жасайтын болады. Әр жұптан келесі кезеңге тек біреуі шығады. Плей-офф сатысындағы ережелерді алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

"Манчестер Сити" (ENG) – "Монако" (FRA)
"Реал" (ESP) – "Наполи" (ITA)
"Бенфика" (POR) – "Боруссия" Дортмунд (GER)
"Бавария" (GER) – "Арсенал" (ENG)
"Порту" (POR) – "Ювентус" (ITA)
"Байер" (GER) – "Атлетико" (ESP)
"ПСЖ" (FRA) – "Барселона" (ESP)
"Севилья" (ESP) – "Лестер" (ENG)

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика