Вернуться к списку статей

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алғандар толық анықталды

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасында «плей-офф» кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды. Сонымен қатар, «Болжам-бәйге» бәсекесінде де көктемгі кезеңге шыққан 16 дүлдүл белгілі болды.

Бірден айта кетейік, "Болжам-бәйгес" ережесі бойынша өз топтарында 1-2-орын алғандар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, қалған екеуі Еуропа лигасының көктемгі кезеңінде бақ  сынайды.

«Е» тобы. Соңғы турда төрт ұпай жинаған «Қайсар» футбол клубының дәрігері Сәкен Дөнесов бірінші орынға көтеріліп, Максим Рожинді екінші орынға ығыстырды. Айдын Қожахмет Еуропа лигасына жолдама алса, Роза Әрен соңғы орында қалып қойды. Ол да Еуропа лигасында.

«F» тобы. «Реал» мен «Спортинг» осы топтағы «букмекерлерді» қатырды. Тек Әміржан Мұқанов қана «Легияға» сеніп екі ұпай ала алса, қалғандары еншісіне жалқы ұпай да жаза алмады. Осылайша Мұқанов плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықса, екінші орында Руслан Меделбек. «Нұр.кз» сайтының редакторы Ақырыс Сейітқазы мен «Жайдарман» көшбасшысы Есен Елеукен Еуропа лигасында бақ сынайды.

«G» тобы. Мұның алдында соңғы орында тұрған Дидар Сыдықбек ва-банкке барып, «Копенгагеннің» жеңісіне бәс тікті де, дәл тапты. Соның арқасында екінші орынға көтеріліп, Ардақ Тоғымовпен бірге Чемпиондар лигасының жолдамасын жеңіп алды. Ришад Тұрғанбаев пен Аида Батуханға Еуропа лигасының плей-офф кезеңі бұйырды.

«Н» тобы. Ермұхамед Мәулен Чемпиондар лигасының жолдамасын өткен турда-ақ қоржынға салған. Қалғандарының тағдыры соңғы турда шешіліп, Әйгерім Сабыралиева екінші орынға ие болса, Айдар Күмісбеков пен Асқат Садырбай Еуропа лигасына қатысатын болды.

Мамандар болжамы және ойындар нәтижелері


Турнир кестесі




«Болжам-бәйге» бәсекесінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика