Вернуться к списку статей

Чемпиондар-лигасының "Болжам-бәйгесі". Плей-офф кезеңіне жолдама алған Сегіз ойыншы анықталды

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші.

Чемпиондар лигасының көктемгі кезеңіне жолдама алған алғашқы болжамшыларымыз белгілі болды. Топтық кезеңнің соңғы турынан кейін «А», «В», «С» және «D» топтарының үздіктері анықталды.

Бірден айта кетейік, "Болжам-бәйгес" ережесі бойынша өз топтарында 1-2-орын алғандар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алса, қалған екеуі Еуропа лигасының көктемгі кезеңінде бақ  сынайды.

«А» тобы. Соңғы турда «Пари Сен Жермен» өз алаңында Болгарияның «Лудогорец» командасымен ұпай бөліседі деп кім ойлаған? Бәрі де француздардың жеңісіне бәс тіккен болатын. Бірақ екінші орынды да қанағат деді ме, Унаи Эмери шәкірттері болгарларды Еуропа лигасына шығарды. Ал «Болжам-бәйгеде» «Базель» – «Арсенал» кездесуінің нәтижесін дәл тапқан Еркін Шәкір бірінші орынға шығып кетті. Сондай-ақ, Ая Өміртай да Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Аршат Ораз Еуропа лигасында бақ сынайтын болса, әу баста фаворит саналған Максим Жалмағамбетов соңғы орында. Ол да, бірақ Еуропа лигасында.

«В» тобы. Бұл топта да бәрі соңғы сәтте шешілді. Еуропада «Наполи» мен «Бенфиканың» бағы жанса, «Болжам-бәйгеде» Мадина Асылбек пен Асқар Ағатаев топтан озып шықты. Айтпақшы, ақтаулық журналист тек соңғы сәтте ғана азулы қарсылас Мұрат Тілешевтен плей-офф жолдамасын жұлып алды да, футболшыны Еуропа лигасына жіберді. Соңғы орында Құралбек Ордабаев.

«С» тобы. Кіл мықтылар жиналған топтан Думан Балықбаев пен Айжан Құрмашева үздік шықты. Сондай-ақ, Сыр саңлағы Ержан Байтілес Еуропа лигасына жолдама алды. Мұрат Сүймағамбетов өзінің жеңілісін мойындап, соңғы орынға тұрақтады. Қайсысының «Барселона», кімнің «Манчестер Сити», кімнің «Боруссия» екенін осыдан-ақ топшылай беріңіз.

«D» тобы. Плей-офф кезеңіне шығу үшін тағы бір аруымыз Томирис Сүгірбаеваға екі-ақ ұпай жетпей қалды. Есесіне соңғы орындағы Рауан Оқас екеуі Еуропа лигасына өтті. Ал Чемпиондар лигасының көктемгі кезеңінде футболшы Серік Досманбетов пен заманауи жырау Жан Ахмадиев бақ сынайды.

Ойындар нәтижелері және мамандар болжамы


Қорытынды кесте



 

Чемпиондар лигасы «Болжам-бәйгесінің» ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика