Вернуться к списку статей

Плей-офф кезеңінен кімдер үміткер?

Футбол
2K
Чемпиондар лигасының
Кеше түнде Чемпиондар лигасының 16 командасы өздерінің топтық кезеңдегі төртінші ойындарын өткізді. «Болжам-бәйге» бәсекесінде алты «букмекер» бір-бір ойынның тура нәтижелерін дәл тапқан.

«А» тобы. Футболшы Максим Жалмағамбетов пен блогер Аршат Ораз келісіп алғандай екі кездесуге де бірдей бәс тігіпті. Нәтижесінде еншілеріне бір-бірден ғана ұпай тиді. Ал «Базель» – ПСЖ арасындағы матчтың тура нәтижесін дәл тауып, «Лудогорец» – «Арсенал» кездесуінің қорытындысын шешкен Ая Өміртай мен Еркін Шәкірұлы қоржындарына төрт ұпайдан салды. Осылайша Ая турнир кестесінде тағы үш ұпайға ұзап кетсе, Еркін 9 ұпаймен 2-орынға көтерілді.

«В» тобы. Бұл топта да екі «букмекер» бір ұпайдан, екеуі төрт ұпайдан еншіледі. Бір қызығы, бір баллды қанағат қылғандар футбол мамандары Мұрат Тілешев пен Құралбек Ордабаев. Ал Мадина Асылбектің көңілі тоқ, 11 ұпаймен топ бастап тұр. Айтпақшы, ақтаулық спорт журналисі Асқар Ағатаев та осы бәйгедегі алғашқы «тура нәтижені» еншісіне жазды.

«С» тобы. Ең қиын, әрі ең оңай топ осы шығар. Мұнда тұтастай үш ұпай алу қиын, есесіне матч қорытындысын анықтау түк тұрмайтындар көрінеді. Бірақ қызылордалық депутат Ержан Байтілес соның өзінен бір матчтың тура нәтижесін дәл тауып, оның «Боруссия М» мен «Селтик» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталады деген болжамы дәл шықты. Осылайша 7 ұпаймен көш бастап тұр.

«D» тобы. Екі матчтың қорытындысын дәл анықтаған Қазақстан Бірінші лигасының чемпионы Серік Досманбетов 11 ұпаймен топ бастап тұр. Дегенмен, заманауи жырау Жан Ахмадиевтің де қарқыны қатты. Кешегі екі ойынның біреуінде дәл есепті тауып, 9 ұпаймен 2-орынға нықтап орналасты. Ал Рауан Оқас соңғы орында.

Мамандар болжамы және матч нәтижелері

 

Турнир кестесі


 

Болжам-бәйге ережесі

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика