Вернуться к списку статей

Жандос Айтбай – Премьер-лига "Болжам-бәйгесінің" жеңімпазы

Футбол
2K
Жандос Айтбай - Премьер-лига
2016 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы мәресіне жетті. Енді әртүрлі статистикаларды қорытындылауға болады. Бүгін назарларыңызға спорт журналистері арасында жүргізілген «Болжам-бәйге» бәсекесінің қорытындысын ұсынамыз.

Премьер-лига «Болжам-бәйгесіне» барлығы 18 қазақ тілді спорт журналисі қатысқан. Бірінші кезеңнен кейін олардың 11-і екінші кезеңге жолдама алып, өзара қайта бәсекеге түсті. Айта кетейік, бірінші кезеңде ең көп ұпайды Ермұхамед Мәулен иемденген. Ел чемпионатының 6-турына болжам жасаған «Хабар» телеарнасының спорт комментаторы 11 ұпайды еншісіне жазған болатын. Одан кейінгі орында 10 ұпаймен алматылық спорт тілшісі Ақын Ордабай.

Дегенмен, екінші кезеңде Жандос Айтбайдан артық ұпай алған ешкім болмады. «Хабар» телеарнасының спорт редакторы 8 ұпай жинады.

Осылайша бас жүлде Жандос Айтбайға бұйырса, екінші орынді оралдық Түгелбай Бисен иеленіп, «КазСпорт» комментаторы Ермек Төрениязов үздік үштікке орналасты.

Естеріңізге сала кетейік, Премьер-лига «Болжам-бәйгесінің» қорытындысы бойынша төрт спорт журналист «Еуропа лигасы Болжам-бәйгесінің» көктемгі кезеңіне жолдама алады. Әзірге ол жаққа нақты жолдама алған Түгелбай Бисен ғана. Ал егер Жандос Айтбай, Ермек Төрениязов және Әділбек Жақанов «Еуропа лигасы Болжам бәйгесінің» плей-офф кезеңіне Еуропа лигасы арқылы өтер болса, онда Қанат Базылхан мен Ақын Ордабайдың да 2017 жылдың көктемінде Еуропа лигасының «Болжам-бәйгесіне» қатысуына мүмкіндік туады.

Ермұхамед Мәулен мен Ақын Ордабайдың ХХХІІ турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Е.Мәуленнің болжамы мен ұпайы

А.Ордабайдың болжамы мен ұпайы

Ертіс – Астана 0:0

2–0

0

1–2

0

Қайрат – Оқжетпес 5:0

0–1

0

2–1

1

Ордабасы – Ақтөбе 2:1

3–0

1

2–2

0

Тараз – Шахтер 2:1

2–0

1

3–2

2

Жетісу – Ақжайық 0:2

2–1

0

3–1

0

Атырау – Тобыл 3:0

1–0

1

1–0

1


«Болжам-бәйгеге» қатысқан спорт журналистерінің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Жандос Айтбай

8

ХХХІ

2

Түгелбай Бисен

6

ХХІІІ

3

Ермек Төрениязов

5

ХХVІ

4–6

Қанат Базылхан

4

ХХХ

4–6

Әділбек Жақанов

4

ХХІV

4–6

Ақын Ордабай

4

ХХХІІ

7–9

Сәкен Сыбанбай

3

ХХVІІІ

7–9

Рауан Оқас

3

ХХV

7–9

Ермұхамед Мәулен

3

ХХХІІ

10–11

Арай Ізбай

2

ХХVІІ

10–11

Руслан Меделбек

2

ХХІХ

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика