Вернуться к списку статей

Болжам-бұрыш. Финалдық кезеңге шыққан журналистер анықталды

Футбол
1K
Бұл айдар букмекерлер үшін де таптырмас көмекші

Қазақстан Премьер-лигасының журналистер арасындағы «Болжам-бұрыш» бәйгесі бірінші кезеңін қорытындылады.

Айта кетейік, Премьер-лиганың бірінші кезеңіндегі турларға 18 спорт журналисі қатысқан болатын. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша бәйгенің екінші турына ұпайы жоғары 10 журналист өтті. Енді олар Премьер-лиганың екінші кезеңіне болжамдарын жасап, жеңімпаздарды анықтайтын болады. Болжам жасау реті ұпайы төмен қатысушыдан басталмақ.

Дегенмен, үздік ондықты іріктеу оңай болған жоқ. 8-12 орынға 4 ұпайдан жинаған 5 журналист: Ермек Төрениязов, Әділбек Жақанов, Руслан Бақытжан, Түгелбай Бисен және Қуаныш Нұрданбек орналасыпты. Солардың үшеуін финалдық сынға өткізу үшін қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді.

Осылайша финалға финалға осылардың арасынан бірінші кезекте Сыр журналисі Әділбек Жақанов шықты. ХІІІ турға болжам жасаған ол бір матчтың нәтижесін дәл тауып, біреуінің қорытындысын тура шешкен.

Қалған төртеуі бір-бірден доп айырмашылығын және екі-екіден матч қорытындысын дәл тапқан. Бірақ Ермек Төрениязов пен Түгелбай Бисен бір-бір кездесудің тең аяқталатынын тура анықтаған. Сондықтан, финалдық кезеңге Әділбек Жақанов, Ермек Төрениязов және Түгелбай Бисен шығады.

8-12 орын алған қатысушылардың турнир кестесі

Орын

Қатысушы

Ойын

Тура нәтиже

Доп айырмашылығы

Матч қорытындысы

Қате болжам

Ұпай

1

Әділбек Жақанов

6

1

-

1

4

4

2

Ермек Төрениязов

6

-

1

2 (1)*

3

4

3

Түгелбай Бисен

6

-

1

2 (1)

3

4

4

Руслан Бақытжан

6

-

1

2

3

4

5

Қуаныш Нұрданбек

6

-

1

2

3

4

*Ескерту: Жақшаның ішінде тең есептің қорытындысын тура болжаған мөлшер

«Болжам-бұрыш» бәйгесінің финалдық кезеңіне жолдама алған журналистер

1. Ермұхамед Мәулен (Хабар телеарнасы) – 11 ұпай, 2. Ақын Ордабай (Алматы телеарнасы) – 10, Жандос Айтбай (Хабар телеарнасы) – 8, Қанат Базылхан (Хабар телеарнасы) – 7, Руслан Меделбек (Аламан сайты) – 6, Сәкен Сыбанбай (Алматы ақшамы газеті) – 6, Арай Ізбай (National Geographic журналы) – 5, Рауан Оқасов (Алматы қаласы Универсиада дирекциясы) – 5, Әділбек Жақанов (Қазақстан-Қызылорда телеарнасы) – 4, Ермек Төрениязов (КазСпорт телеарнасы) – 4, Түгелбай Бисен (Орал) – 4. 

«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

VI

2

Ақын Ордабай

10

ХХІ

3

Жандос Айтбай

8

ХVIII

4

Қанат Базылхан

7

ХХ

5-6

Руслан Меделбек

6

ХІV

5-6

Сәкен Сыбанбай

6

Х

6-7

Арай Ізбай

5

ХІІ

6-7

Рауан Оқасов

5

ІХ

8-12

Қуаныш Нұрданбек

4

ХХІІ

8-12

Ермек Төрениязов

4

VIII

8-12

Әділ Жақанов

4

ХІІІ

8-12

Руслан Бақытжан

4

ХV

8-12

Түгелбай Бисен

4

ХVII

13-14

Ғабит Сапарбеков

3

VII

13-14

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

15-17

Нұржан Туғанбай

2

ХІ

15-17

Бек Төлеуов

2

XVI

15-17

Мақсат Сіләмбек

2

ХІХ

18

Есей Жеңісұлы

1

IV

"Болжам-бұрыш" бәйгесінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика