Вернуться к списку статей

Еурокубоктар бәйгесі: Айдын Қожахмет Максим Жалмағамбетовті қуып жетті

Футбол
1K
“Еурокубоктар” деп аталатын бәйгемізде үш болжамшымыз кешегі ойын нәтижесін дәл тауып, біреуі матчтың тең аяқталатындығын шешті.

Құралбек Ордабаев, Әміржан Мұқанов, Айдын Қожахмет үшеуі «Астана» мен «Селтиктің» 1:1 есебімен тең түсетіндігін дәл тапты. Ал Максим Жалмағамбетов әу баста-ақ «бұл ойын 0:0 немесе 1:1 есебімен аяқталады» деген болатын. «Осы екеуінің біреуін-ақ айтыңыз» дегенімізде, алғашқысын атаған...

Әйтпесе, Максим де ойын нәтижесін шешіп еді. Бірақ бәйге ережесі солай, еншісіне бір-ақ ұпай жазылады. Ал қалған болжамшыларымыз үміттерін үзбей, «Астанаға» сенген болатын.

Енді кешегі матч пен бес турдың қорытынды кестесіне көз жүгіртіңіздер:

Чемпиондар лигасы: «Астана» – «Селтик» (Шотландия) – 1:1




Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика