Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Португалия – чемпион! Руслан Меделбек – жеңімпаз!

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер
Португалия және Франция арасындағы финалдық кездесуге Руслан Меделбек пен Ришад Тұрғанбаев болжам жасаған болатын.

Сонымен, бір ай бойы теледидарға телміртіп, түн ұйқымызды ұрлаған Франциядағы футбол тойы да мәресіне жетті. Тек жартылай финалда ғана негізгі уақытта жеңіске жеткен Португалия құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды.

Еуропа чемпионатына орай қазақ тілді спорт журналистері арасында ұйымдастырылған тұңғыш жоба – «Болжам-бәйге» бәсекесінің де алғашқы жеңімпазы анықталды. Финалда «жетісулық» Ришад Тұрғанбаевпен кездескен. Екі «болжамшы» да Франция құрамасының жеңісіне сенімді болды. Екеуі де ойын негізгі уақытта 2:1 есебімен аяқталады деп бәс тікті. Сондықтан, бұл текетіресте бәрін қосымша көрсеткіштер шешетін еді. Нәтижесінде бірінші тайм голсыз аяқталады деген Руслан үзіліске дейін екі команда да бір-бір голдан алмасады деп топшылаған қарсыласын қапы қалдырып, чемпиондық атаққа бірінші таймда-ақ қол жеткізді.

Жалпы, «Аламан» спорттық порталының редакторы топтық кезеңде «А» тобында 10 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне 2-орынмен шыққан. 1/8-финалда Шалқар Естенді додадан шығарған. Ширек финалда Португалияның жеңісін дәл тауып, Рауан Оқасты ұтқан. Ал жартылай финалда Ардақ Тоғымовтан басым түсті.

Енді алдағы уақытта «Футбол. Фактілер. Ақпарат» порталы алдағы уақытта Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасына «Болжам-бәйге» бәсекелерін ұйымдастырады.

Ал қазір қазақстандық клубтардың қатысуымен өтіп жатқан еурокубоктық ойындарға мамандардың «Болжам-бәйгесі» өтуде.

Руслан Меделбектің чемпиондық жолы:

Топтық кезең

Ойын

Р.Меделбектің болжамы

Ұпай

Франция – Румыния 2:1

2:0

1

Албания – Швейцария 0:1

1:2

2

Румыния – Швейцария 1:1

1:1

3

Франция – Албания 2:0

2:0

3

Румыния – Албания 0:1

2:0

0

Швейцария – Франция 0:0

1:1

1


«А» тобы

Орын

Қатысушы

Ойын

Тура нәтиже

Доп айырмашылығы

Матч қорытындысы

Қате болжам

Ұпай

1

Роза Әрен

6

3

-

1

2

10

2

Руслан Меделбек

6

2

1

2

1

10

3

Дастан Кенжалин

6

2

-

1

3

7

4

Амангелді Сейітхан

6

1

-

2

3

5


Плей-офф кезеңі

Ойындар

Ойын есебі

Негізгі уақыт

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

1/8-финал.

Швейцария – Польша 1:1 (4:5)

1:2

1:2

Х

Х

0:1

Левандовски, Милик – Шакири

Х

Х

2:1

Ширек финал.

Польша – Португалия 1:1 (3:5)

0:2

0:2

Х

Х

0:0

Роналду, Куарежма, Нани

0-1

Х

2-2

Жартылай финал.

Португалия – Уэльс 2:0

2:1

1:1

1:0

Х

0:0

Роналду, Куарежма, Нани – Бэйл

Х

Х

1-2

Финал.

Португалия – Франция 1:0

1:2

1:2

Х

Х

0:0

Роналду, Нани – Жиру, Пайе, Гризманн

0:1

Х

1:1



Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика