Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Бас жүлде кімге бұйырады?

Футбол
2K
Еуро-2016: Журналистер
Португалия – Франция арасындағы финалдық кездесуге Руслан Меделбек пен Ришад Тұрғанбаев болжам жасайды.

Бүгін футболдан Еуропа чемпионы анықталатын күн. Сен Дени қаласының «Стад-де-Франс» стадионына Португалия және Франция құрамалары шығады. Бас жүлдені сарапқа салатын осылар. Ал Қазақстан журналистері арасындағы «Болжам-бәйге» бәсекесінде бас жүлде «аламан.кз» сайтының редакторы Руслан Меделбек пен «Жетісу» газетінің спорт редакторы Ришад Тұрғанбаевтың біріне бұйырады. Екеуі де Францияның жеңісіне 2:1 есебін қойыпты. Сондықтан, бұл жолы да жеңімпаз қосымша көрсеткіштердің қорытындысы бойынша анықталуы тиіс.

Руслан «А» тобында 10 ұпаймен 2-орынмен шығып, 1/8-финалда Шалқар Естенді додадан шығарған. Ширек финалда Португалияның жеңісін дәл тауып, Рауан Оқасты ұтқан. Ал жартылай финалда Ардақ Тоғымовтан басым түсті.

Ришад «В» тобында небәрі 3-ақ ұпай жинап, 3-орынмен шыққан. 1/8-финалда қосымша көрсеткіштердің арқасында Әділ Жақановты ұтты. Ширек финалда Германияның жеңісіне бәс тігіп, Асқар Ағатаевты ұтты. Ал жартылай финалда тағы да «пенальти сериясы» арқылы Еркін Шәкірді финалсыз қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйгенің» плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Руслан Меделбек («Аламан.кз» сайты)


Португалия – Франция 1:2

Еуропа чемпионаты басталмай тұрып, Франция чемпион болады деп топшылағанмын. Бұл болжамымның дәл шығуына және қазақ спорт журналистері арасындағы алғашқы ірі «болжам-бәйгеде» жеңіске жетуіме бір қадам қалды. Португалияға екі рет жеңіс беріп, финалға шықтық. Бірақ бұл жолғы жеңіс Францияда. Біріншіден, олар өз алаңында ойнап жатыр. Бұл фактор үлкен рөл ойнамақ. Екіншіден, Франция топтық кезеңнен бері сенімді ойынымен көзге түсті. Үшіншіден, Германия сияқты алыпты додадан шығарды.
Матч негізгі уақытта аяқталуы тиіс. Бірінші таймда гол соғыла қоймас. Үзілістен кейін ойынның тағдыры толық шешіледі. Болжамым, Франция – чемпион, есеп – 2:1. Қосымша уақыт пен пенальти сериясы болмайды.
Негізгі уақытта пенальти орындалады. Яғни мен болжам отырған үш голдың біреуі пенальтиден соғылуы мүмкін. Оны Франция не Португалия да орындау ықтималдығы жоғары.

Ришад Тұрғанбаев («Жетісу» газеті)


Франция – Португалия 2:1

Бұл ойында да дода қожайындарының жолы болады. Араға он алты жыл салып Еуропаның чемпионы деген атаққа қол жеткізеді. Қарсыластар да оңай беріле салмайды. Криштидің жолы болып қалар. Ары кеткенде бір гол соғады. Сонымен бірінші таймда француздар гол соғады. Осы таймда теңестіреді. Екінші таймда француздар алға шығады. Ойын негізгі уақытта аяқталады. Пенальти де орын алады. Француздар орындап қалуы мүмкін. Сары қағаз көп болуы ықтимал. Екі команда да үш-үштен алады. Гол соғатын Канте, Гризманн, Пайе. Антуан екі голдың авторы атануы мүмкін.

Португалия – Франция

Болжамшылар

Ойын есебі

Негізгі уақыт

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Руслан Меделбек

1:2

1:2

Х

Х

0:0

Роналду, Нани – Жиру, Пайе, Гризманн

0:1

Х

1:1

Ришад Тұрғанбаев

1:2

1:2

Х

Х

1:1

Канте, Пайе, Гризманн.

0:1

1:0

3:3


Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика