Бүгін Еуропа чемпионатының финалында қай командалардың бас жүлдеге таласатындығы белгілі болады. Марсельдің «Велодромында» финалдың жолдамасын «Кәрі құрлықтың» үш дүркін чемпиондары Германия мен екі дүркін жеңімпазы Франция кездеседі. Ал журналистер «Болжам-бәйгесінде» бұл матчқа болжамдарын жасаған Ришад Тұрғанбаев пен Еркін Шәкірдің пайымдары қалай екен.
Ришад Тұрғанбаев («Жетісу» газеті)
Франция – Германия 2:1
«Неміс машинасы» қарқынды еді. Өткен ойында бар күштерін Италияға сарқып алды. Сондықтан бұл жолы жарыс қожайындарына есе жібереді деп ойлаймын. Қазір француздар шарықтау шегіне жетті. Қарымта шабуылда жақсы ойнап гол соғады. Бірінші таймда бір гол соғады француздар. Екіншіде есеп теңеседі. Артынша алаң иелері есепті еселеп жеңіске жетеді. Пенальти болады. Оны француздар орындайды. Сары қағаз төртеу. Қызыл қағаз болмайды. Қосымша тайм болмайды. Ойын негізгі уақытта бітеді. Гол соғатындар Канте, Пайе, Гризманн.
Еркін Шәкір («Қазақстан» ұлттық арнасы)
Франция – Германия 2:2 +-
Екі команда да осы ойында бар күштерін салулары тиіс. Франция осыған дейін соншалықты мықты қарсыласпен кездескен жоқ. Германия ширек финалда Италияны сүріндірген. Дегенмен, өз алаңында француздар өздерімен деңгейлес командамен намысқа тырысып ойнамақ. Меніңше, бұл ойында экстра-таймды да, пенальти сериясын да көреміз. Ойын соңындағы пенальти сериясы матч тағдырын шешеді. Бірінші таймда екі команда да бір-бір голдан алмасулары тиіс. Екінші таймда да солай болады. Гризман, Жиру, Жиньяк Кроос, Мюллер, Гомес сынды ойыншылар гол соғатын шығар. Сонымен қатар, төреші Германия сапынан бір ойыншы алаңнан қуыады. Пенальти сериясын француздар 5:3 есебімен өз пайдаларына шешіп, финалға шықпақ.
Германия – Франция | |||||||||
Болжамшылар | Ойын есебі | Негізгі уақыт | Экстра-тайм | Пенальти сериясы | 1-тайм | Гол авторлары | Матчтағы пенальти | Қызыл қағаз | Сары қағаз |
Ришад Тұрғанбаев | 1:2 | 1:2 | Х | Х | 0:1 | Канте, Пайе, Гризманн | 0:1 | Х | 2:2 |
Еркін Шәкір | 2:2 | 2:2 | 0:0 | 3:5 | 1:1 | Гризманн, Жиру, Жиньяк – Кросс, Мюллер, Гомес. | Х | 1:0 | 2:2 |