Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Ұшты, ұшты – кім ұшты?

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
«Еуро-2016» додасындағыдай «Болжам-бәйге» бәсекесінде де жартылай финалдың алғашқы жұптары анықталды.

Кеше Францияның Лилль қаласында ширек финал аясындағы Бельгия – Уэльс кездесуі өтіп, Бэйл бастаған жігіттер 0:1 есебімен жеңіліп жатқан жерінен 3:1 нәтижесімен жеңісті жұлып алды. Журналистердің «Болжам-бәйге» бәсекесінде бұл кездесуге өз пайымдарын Ардақ Тоғымов пен Ермұхамед Мәулен жасаған. Екеуі де «қызыл сойқандардың» жеңісіне 2:1 есебімен бәс тіккен. Сондықтан, ешқайсысы да жеңімпазды таба алмағандықтан қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келіп, бірінші таймның нәтижесін дәл тапқан Ардақ Тоғымов жартылай финалға жолдама алды.

Енді Штаттағы ұлттық командалар дирекциясы баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымов жартылай финалда «аламандық» Руслан Меделбекпен бірге Португалия – Уэльс кездесуіне болжам жасайтын болады.

Уэльс – Бельгия 3:1

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Ардақ Тоғымов

1:2

Х

Х

1:1

Бейл – Лукаку, Де Брюйне, Витсель

0-1

1:0

2-2

Ермұхамед Мәулен

1:2

Х

Х

0:1

Рэмзи, Бэйл, Робсон Кану – Азар, Лукаку, Де Брюйне

0:1

Х

2:2

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика