Вернуться к списку статей

Мақсат Сіләмбек – Еурокубоктағы ойындардың кесірінен "Астана" мен "Қайрат" ел чемпионатында ұпай жоғалтады

Футбол
1K
Премьер-лиганың ХІХ тур ойындарына Мақсат Сіләмбек болжам жасайды
Бұл айдар оқырмандар үшін ғана емес, букмекерлерге де таптырмас көмекші.

Ертең Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ тур ойындары басталады. Матчтардың қалай өтетіндігі жөнінде өз болжамын «Алматы» телеарнасының журналисі Мақсат Сіләмбек ұсынады.

2 шілде (сенбі)

«Шахтер» – «Тараз» 3:2

«Шахтер» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Бұл ойында кезінде «Шахтерді» өрге сүйреген Мокин сияқты қақпашы аянып қалмасы анық. Оқып отырған оқырманға айтарым, қақпашы – ол жарты команда екенін есткен шығармаған дұрыс. Соңғы ойынды тең есеппен аяқтап турнирлік кестеде ондықтан жоғары көтеріле алмай тұрған команда үшін бұл ойынның маңызы зор екенін түсінеміз. Қазақстан біріншілігі жыл өткен сайын мықты ойын көрсете бастады десем артық айтты деп ойламаңыздар. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар. Дәл осы «Шахтер» командасы Қазақстан клубтарының Еурокубоктағы жеңісті жолымен бастаған команда болып есептеледі. Барлығы ақшаның дәмін татып, жай жүгіре берудің ауылы келмеске кеткенін көрсетті. Сол жағдайларды ескере отырып, осы жолғы ойыннан өз басым көп гол күтемін. Көрермендер де қызыға тамашалайды. Есеп 3:2.

 «Тобыл» – «Ертіс» 1:1

Бағана сөз басында қозғағанымдай «Ертіс» биылғы ойындарын жақсы бастады. Стадионына көрермен жинай білді. Стандарттарды тамаша орындайды. Керек десеңіз жоқ жерден гол да жасаған күндері есімізде. Ендеше осы жолы да 3 ұпайды қонақта қанжығалайды десек артық айтқандық болмас еді. Бірақ, «Тобылдың» өз үйінде ойнайтынын ескеріп, 1:1 нәтижесіне бәс тігіп отырмын.

3 шілде (жексенбі)

«Ордабасы» – «Атырау» 3:1

«Ордабасы» өте мықты ұжым болып көрінеді мен үшін. Сондай-ақ, барлығы ойын үлгісін мақтап, ағылшындардың «Ливерпулімен» де салыстырып жүр. Оған да келіспеуге болмас. Мықтыларды жеңіп, әлзіз командамен нашар ойнап жататынын да жоққа шығара алмаймыз. Айтайын дегенім, шымкенттіктер әлсіз немесе күшті емес. Бірақ өз үйінде «Атыраудан» басым түсуге шамасы жетеді. Есеп – 3:1.

«Ақтөбе» – «Ақжайық» 2:2

«Ауылы аралас, қойы қоралас» командалар. Кейінгі жылдары батыста футбол жақсы дамып келеді. Ел біріншілігіндегі көрсеткіштеріне қарап, бұл ойын көрермендерді зеріктіреді деп айта алмаймын. Керісінше, от болып жанады. Бір қызығы, осыған дейінгі ойындарын қарай отырып айтар едім, осы аптадағы тез голды да осы ойыннан көретін сияқтымыз. Өткен турда екі команданың жеңіліске ұшырағанын ескерсек, ойын тең аяқталады деп ойлаймын. Есеп – 2:2.

«Жетісу» – «Қайрат» 0:0

Қазақстан Премьер-лигасы биылғы еуро жорыққа 4 команда баптап отыр. Соның бірі де, бірегейі – «Қайрат». Өткен жылы жақсы өнер көрсеткен сүйікті командамыз биыл да өз білгенінен жаңыла қоймас. Алматылықтар қай жақта болмасын, қалай ойнау керектігін біледі. «Жетісу» өткенде Еуроның тағы бір қатысушысына жол бергендіктен, осы жолы өз алаңында есе жібермеуге тырысады. Жан жақтағы пікірлер мен топшылаған ойымды айтар болсам, кездесудің голсыз аяқталатынына сенімім мол. «Қайратқа» осы аптада Еуродағы алғашқы ойынын жақсы бастау маңыздырақ. Ішкі біріншілікті де ұмытпаған жөн. Ал «Жетісу» осы жолы көршілерінен кем дегенде бір ұпай алса, үлкен болмаса да, кішігірім олжа деп еспетеуге болады. 

5 шілде (сейсенбі)

«Астана» – «Оқжетпес» 0:1

«Астана» өткенде «Қайраттан» ұтылып жанкүйерлерінің алдында біраз беделін жоғалтқанын білеміз. Десек те, осы ойында да «Астана» мықты ойнайды деп айта алмаймын. Чемпиондар лигасының турларының басталуына байланысты осы жолы да ұтылады. Өткен ойын үлгісіне көз жүгіртсек, матчтың бірінші минуттарынан бастап екі шабуылшымен өнер көрсеткен «Астана» осы жолы бір шабуылшымен ойнауы әбден мүмкін. Керісінше, бұл ойында қорғанысы сыр бермеуі керек. Еуро алдында қорғанысының қандай жағдайда екенін білу бапкер үшін өте маңызды болып отырғаны жасырын емес. Әрине ірі есеп тіркеле қоймас, бірақ менің есебім бойынша «Оқжетпес» керемет мүмкіндікті жібермейтін сияқты. Бұл матч қорғаушылар мен шабуылшылардың және бапкердің тактикасын көретін ойын деп есептеймін. Биыл Астанаға жанкүйер боламын.

Ал өткен жолы ел чемпионатының 18-тур ойындарына «Хабар» телеарнасының спорт редакторы Жандос Айтбай болжам жасаған. Алты кездесудің нәтижесі бойынша еншісіне 4 ұпай жазды.

«Болжам-бұрыш» айдарының ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Жандос Айтбайдың ХVІІІ турға жасаған болжамдарының қорытындысы

Ойындар

Ж.Айтбайдың болжамы

Ұпай

Қайрат – Астана 1:0

1:0

3

Оқжетпес – Ақтөбе 4:1

3:1

1

Ақжайық – Ордабасы 0:1

0:1

3

Ертіс – Жетісу 3:1

2:1

1

Тараз – Тобыл 2:0

0:0

0

Атырау – Шахтер 0:0

2:0

0


«Болжам-бұрыш» бәйгесіне қатысқан журналистердің рейтиңгі

Орын

Журналист

Ұпай

Тур

1

Ермұхамед Мәулен

11

VI

2

Жандос Айтбай

8

ХVIII

3-4

Руслан Меделбек

6

ХІV

3-4

Сәкен Сыбанбай

6

Х

5-6

Арай Ізбай

5

ХІІ

5-6

Рауан Оқасов

5

ІХ

7-10

Ермек Төрениязов

4

VIII

7-10

Әділ Жақанов

4

ХІІІ

7-10

Руслан Бақытжан

4

ХV

7-10

Түгелбай Бисен

4

ХVII

11-12

Ғабит Сапарбеков

3

VII

11-12

Төлеубек Әділбекұлы

3

V

13-14

Нұржан Туғанбай

2

ХІ

13-14

Бек Төлеуов

2

XVI

15

Есей Жеңісұлы

1

IV

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика