Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Уэльс әлде Бельгия, Бэйл әлде Азар, Ардақ Тоғымов әлде Ермұхамед Мәулен?

Футбол
2K
Еуро-2016. Журналистер болжам-бәйгесі
Еуропа чемпионатының ширек финалы аясындағы Уэльс – Бельгия кездесуіне Ардақ Тоғымов пен Ермұхамед Мәулен болжам жасайды.

Бүгін Гарет Бэйл бастаған Уэльс құрамасы мен Эден Азар бастаған Бельгия футболшылары «Кәрі құрлық» додасы аясындағы ширек финалдық кездесуін өткізеді. «Болжам-бәйге» бәсекесінде бұл ойынға Ардақ Тоғымов пен Ермұхамед Мәулен өз пайымдарын жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің плей-офф кезеңіндегі ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Ардақ Тоғымов (Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз қызметі)


Уэльс – Бельгия 1:2 (1:1)

Уэльс жігіттерінің ертегісі осымен аяқталады-ау осы. Бельгия – өте мығым, ширақ және жүйрік команда екен. Еш нәрседен тайынбайтынын көрдік. Қорықпайды. Вильмотс мырза бастаған топ, әлі көресіздер – финалға жетіп қалады-ау. Егер де Потугалия оларға бөгет жасай алмаса... Сонымен, Уэльс - "менің" командам еді. Яғни, менің, "В" тобымнан шыққан ұжым. "Солардын арқасында" мен де, міне, ширек финалға шығып отырмын. Мың да бір алғыс сіздерге, Гаррэт Бэйл бастаған топ! Айтпақшы, қарсыласым да мықты екен, "Қызыл сойқандар"командасы сияқты. Есімі – Ермұхамед, тегі – Мәулен. Бойы да, ойы да өзіне сәйкес. Сәттілік, саған, Ермаш бауырым!
Ал еңді ойынға келетін болсақ, бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталады. Екінші кезеңінде бельгиялықтар әупірімдеп жүріп жеңіс голын соғып кетеді. Қосымша уақыт болмайды. Екі команда да сары қағаз алады: 2-2. Тіпті, қызыл қағаз да алуы мүмкін. Пенальти, айып добы да болып қалуы әбден ықтимал. Осы үш голдың бірі пенальти арқылы соғылуы мүмкін. Гол соққыштарымыз сол баяғы Бэйл және Лукаку болады. Егер де алаңға бірінші минуттардан бастап шықса, Фэлаини де доп соғуы ғажап емес. Кевин де Брюйне де осал емес. Соққысы жойқын. Нақты үшеу керек болса, онда - Де Брюйне, Бэйл және Витсель. Міне, менің болжамым осы еңді.

Ермұхамед Мәулен («ҚазСпорт» телеарнасы)


Уэльс – Бельгия 1:2

Бұл жолы Бельгия Венгрияға салған 4 голды ұра алмас. Бірінші таймда Эден Азар бастаған жігіттер желпініп, көзге түседі. Алғашқы тайм есебі 0-1. Бельгияның келесі кезеңге өтері ешқандай күмән туғызбайды. Тек Гарет Бэйл бастаған жігіттер 1 гол соғып кетуі ықтимал. Себебі, Бельгия қорғанысы кішкене көңіл көншітпейді. Жарақат алғандар да бар. Жарақатынан айыққан Эден Азар өзінің футболдағы алғашқы қадамын жасаған Лилль қаласында жарқырауы керек. Стадион да, қала да оған жақсы таныс. Матчта пенальти белгіленсе Азар орындап, гол соғары анық. Одан бөлек ойында Лукаку мен Де Брюйне гол соғуы да ғажап емес. Ал Уэльс сапында гол соғатын адамдар қатарына Рэмзи, Бэйл, және Робсон Кануды жатқызар едім. Ойын төрешісі Дамир Скомина болғандықтан сары қағаздар саны 4-тен кем болмайды. Жартылай финалға жолдама алу үшін қос команда ойыншылары өрескел ойнауы мүмкін. Бірақ, қызыл қағазға дейін жағдай жете қоймас.

Уэльс – Бельгия

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Ардақ Тоғымов

1:2

Х

Х

1:1

Бейл – Лукаку, Де Брюйне, Витсель

0-1

1:0

2-2

Ермұхамед Мәулен

1:2

Х

Х

0:1

Рэмзи, Бэйл, Робсон Кану – Азар, Лукаку, Де Брюйне

0:1

Х

2:2

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика