Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Бельгия бірінші таймда-ақ Ермұхамед Мәуленді ширек финалға шығарды

Футбол
2K
Еуро-2016: Журналистер болжам-бәйгесі
«ҚазСпорт» телеарнасының комментаторы Ермұхамед Мәулен «Болжам-бәйге» бәсекесінің ширек финалына жолдама алды.

1/8-финалда комментаторлық саладағы әріптесі Арай Ізбаймен жұп құрап, Бельгия – Венгрия кездесуіне бәс тіккен ол матч 2:1 есебімен «Қызыл сойқандардың» пайдасына шешіледі деп топшылаған болатын. Арай да дәл осы есепке бәс тігіпті. Сондықтан, қосымша көрсеткіштердің көмегіне жүгінуге тура келді.

Нәтижесінде үзіліске дейін есеп ашылмайды деген Арай Ізбай 1/8-финалдан кері қайтса, алғашқы 45 минуттықта бельгиялықтар гол соғады деген Ермұхамед Мәулен ширек финалдан бір-ақ шықты.

Осылайша келесі кезеңде ол Ардақ Тоғымовқа қарсылас атанбақ. Ал болжайтын матчы – Бельгия – Уэльс кездесуі.

Естеріңізге сала кетейік, плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуларыңызға болады.


Венгрия – Бельгия 0:4

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Арай Ізбай

1:2

Х

Х

0:0

Джуджак, Штибер, Салай – Азар, Найнголлан, Лукаку

Х

Х

2-3

Ермұхамед Мәулен

1:2

Х

Х

0:1

Джуджак, Салай, Гера – Азар, Бентеке, Лукаку

1-0

Х

3-1

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика