Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Жалғыз ару бәйгеден шығып қалды

Футбол
1K
Еуро-2016. Журналистер
«Болжам-бәйге» бәсекесінің ширек финалына жолдама алған тағы бір қатысушымыз анықталды.

Франция – Ирландия кездесуі Лионда ғана емес, Қазақстанда да тартысқа толы болды. Бұл матчқа болжам жасау мәртебесіне топтық кезеңде «А» тобының төріне шыққан Роза Әрен мен «С» тобынан 3-орынмен шыққан Еркін Шәкірұлы ие болған. Екеуінің де пікірлері ұқсас болды. Бірі 2:0 десе, екіншісі 3:1 деп доп айырмашылығына дейін «келіскендей» көрсеткен. Сондықтан, қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді де, ирландиялықтардың бір ойыншысы алаңнан қуылады деп болжам жасаған «Қазақстан» ұлттық арнасының журналисі Еркін Шәкір ширек финал жолдамасын жеңіп алды.

Енді ол келесі кезеңде Еламан Қоңыр және Бек Төлеуовтің қай жеңгенімен кездесетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Болжам-бәйге» бәсекесінің ережесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.  

Франция – Ирландия 2:1

Болжамшылар

Ойын есебі

Экстра-тайм

Пенальти сериясы

1-тайм

Гол авторлары

Матчтағы пенальти

Қызыл қағаз

Сары қағаз

Роза Әрен

2:0

Х

Х

1:0

Жиру, Гризманн, Погба

Х

Х

2-3

Еркін Шәкір

3:1

Х

Х

1:0

Гризманн, Жиру, Жиньяк – Кин, Коулмен, Хулэханй

Х

0-1

1-3

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика