Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Ширек финалға шыққан алғашқы болжамшы анықталды

Футбол
2K
Еуро-2016: Журналистер болжам-бәйгесі
«Еуро-2016» турниріне арналған «Болжам-бәйге» бәсекесінің ширек финалына жолдама алған алғашқы журналист анықталды.

Плей-офф кезеңін ашқан Польша мен Швейцария арасындағы кездесуге «аламан.кз» сайтының редакторы Руслан Меделбек пен спорт комментаторы Шалқар Естен болжам жасап, өз пайымдарын білдірген. Алғашқысы ойын 2:1 есебімен аяқталып, бірінші таймда 1:0 есебімен пандар алға шығады десе, екіншісі 1:0 есебімен бәс тігіп, үзіліске дейін есеп ашылмайды деген-ді.

Ал матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз тек пенальти сериясы бойынша анықталды. Біздің болжамшылардың ешқайсысы ойын экстра-таймға дейін жетеді деп ойламаған еді. Сондықтан, келесі кезеңге өткен журналисті анықтау үшін қосымша көрсеткіштерге жүгінуге тура келді.

Осылайша Руслан Меделбек ойынның бірінші таймдағы нәтижесін дәл тауып, ширек финал жолдамасын жұлып алды.

Естеріңізге сала кетейік, плей-офф кезеңінің ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Руслан Меделбек

Қорытынды есеп – 2:1 Польша

Бірінші таймның есебі – 1:0 Польша

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы –  Левандовски. Милик. Шакири.

Пенальти – матчтан кейін де болмайды. Ойында да болмайды

Қызыл қағаз – 0

Сары қағаз – 2-1

Шалқар Естен

Қорытынды есеп – 0:1

Бірінші таймның есебі – 0:0

Экстра тайм – болмайды

Гол соғуы мүмкін 3 ойыншы – Левандовски, Блащиковски

Пенальти – болмайды

Қызыл қағаз – болмайды

Сары қағаз – 3

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика