Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Фавориттерден сүрінбеген кім қалды?

Футбол
1K
Еуро-2016: Журналистер болжам-бәйгесі
Еуропа чемпионатында топтық кезең ойындары толық аяқталып, плей-офф кезеңіне шыққан командалардың барлығы да белгілі болды. Күтпеген нәтижелер өте көп.

«F» тобы – ең аз ұпай жинаған топ болды. Соңғы турда бұлардың ешқайсысы екі кездесуден де тым құрығанда бір балл ала алмады. Бәрі де Роналдуға сенген, бәрі де Португалияның ірі жеңісіне бәс тіккен. Бірақ бірінші ойында қарық қылмаған пиренейліктер бұл жолы да келістірмеді. Роналду командасын қанша сүйрегенімен оның шеберлігі әзірге жеңіс әпермей тұр.

Исландия – Аустрия кездесуі де «болжамшыларымызды» жасытып, бір ұпай да бермеді. Осылайша Арай Ізбай топтан бірінші орынмен шықса, плей-офф кезеңіне екінші орынмен Бек Төлеуов жолдама алды. Ал әу баста бірінші себетте болған Төлеубек Қадырмолла алты кездесуден небәрі бір ұпай еншілесе, шымкенттік Ғабит Сапарбектен мүлдем букмекер шықпайды екен. Алты матчтан тым болмағанда соқыр ұпай ала алмаған Ғабиттің қоржынында 0 ұпай.


Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика