Вернуться к списку статей

Еуро-2016: Испанияның жеңілісі мен Түркияның жеңісі "D" тобының қорытындысына әсер етпеді

Футбол
1K
Еуро-2016: Журналистер
«Еуро-2016» додасында «D» тобын да қорытындылауға болады. Франция жерінде плей-офф кезеңіне Хорватия мен Испания құрамалары шықса, біздің «Болжам-бәйгемізде» Ермек Төрениязов пен Жандос Айтбай жолдама алды.

Висенте Дель Боскенің шәкірттері 1:0 есебімен жеңіп жатып, күтпеген жерден хорваттардың екі соққысын өткізіп алды. Ал осыған дейін екі матч қатарынан сүреңсіз ойнап, жанкүйерлерінің көңілін қалдырған түріктер осы жолы арқаланып, Чех қақпасына жауапсыз екі доп соқты.

Ал біздің «Болжам-бәйгемізде» төрт қатысушы да испандар мен чехтарға бәс тіккен болатын. Ешкім де оларды ұтылады деп ойлаған жоқ. Сондықтан, ешқайсысы ұпай ала алмады.

Нәтижесінде 6 және 4 ұпаймен келесі кезеңге Ермек Төрениязов пен Жандос Айтбай жолдама алса, қоржынында 3 баллы бар Арсен Ғұбашев 3-орынды қанағат қылып, Уәлихан Қосанбай небәрі екі ұпаймен көш соңында қалып қойды.


Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде ойын нәтижесін дәл тапқан қатысушыға 3 ұпай, доп айырмашылығын тапқанға 2 ұпай және матч қорытындысын дәл болжағанға 1 ұпай беріледі.

«Болжам-бәйгенің» топтық кезеңіндегі толық ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Автор: Асфендияр Жанаділ
Яндекс.Метрика